
Ділтаева Гүлбан Құздыбайқызы – санитарлық фельдшер, 1983 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін санитариялық-эпидемиологиялық салада еңбек етіп келеді. Ол – санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері және «Халық алғысы» мемлекеттік медалінің иегері.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосты. Өз қызметінде жоғары кәсіби шеберлік, адамгершілік қасиет пен мамандығына деген адалдық танытып келеді.