
Жетілгенова Жанар Набиевнаның санитариялық-эпидемиологиялық саладағы еңбек өтілі – 37 жыл. 1989–2003 жылдары Қармақшы және Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станцияларында дәрігер-эпидемиолог және санитариялық дәрігер болып қызмет атқарған. Кейінгі жылдары бас маман және бөлім басшысы лауазымдарын атқарды.
2019 жылдан бастап Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасын басқарды, ал 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы қызметін атқарады.