Шымкентте 299 қоғамдық тамақтану орнына айыппұл салынды

Шымкентте 299 қоғамдық тамақтану орнына айыппұл салынды

Шымкент қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды күшейту мақсатында Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері шығарған қаулыларындағы талаптарды сақтау және объектілерде эпидемияға қарсы іс-шараларды орындау бойынша тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, 17 қарашада Шымкент қаласында мобильді топ "Хабар 24" және "Оңтүстік" телеарналарының журналистерімен бірге "Әсем ана", "Кешью", "Көркем"тойханаларының иелерімен шектеу шараларын бұзғандығы анықталды. Карантин режимін бұзушыларға қатысты полиция департаментінің мамандары тарапынан 40-қа жуық әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Шымкент қаласында төтенше жағдай алынғаннан бері 299 қоғамдық тамақтану орнына санитарлық талаптарды орындамағаны үшін 222 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған.