Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуына қосқан үлесі

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуына қосқан үлесі

Жумаканов Дәулет Ғазизұлы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесінде 30 жыл еңбек өтіліне ие. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Аягөз аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында санитариялық дәрігер-гигиенист болып бастаған. Қазіргі уақытта Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Аягөз аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасын басқарады.