Кәсібилік пен көпжылдық қызмет

Кәсібилік пен көпжылдық қызмет

Хайдаров Талғат Халиханұлы - Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы. 1962 жылғы 15 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауылында дүниеге келген. Қарағанды медицина институтын «гигиенист-эпидемиолог» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер-эпидемиолог болып бастаған. Кейін бас дәрігер қызметін атқарған, ал 2004 жылдан бастап аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасын басқарады.