Балалардың денсаулығын қорғау – басты басымдық: санэпидбақылаудың жаңа тәсілдері

Балалардың денсаулығын қорғау – басты басымдық: санэпидбақылаудың жаңа тәсілдері

Комитет балалар мен ата-аналарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтайды! Баршаңызға зор денсаулық, қуаныш, толағай табыс және ең асыл армандарыңыздың орындалуын тілейміз.

2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды күшейтуге бағытталған мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесіндегі өзгерістер күшіне енді. Жаңа енгізілімдер құқық бұзушылықтарға әрекет етуден олардың алдын алуға көшуге, бақылаудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Бақылау жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер, сондай-ақ объектілерге барып жүргізілетін мониторинг нысанында жүзеге асырылады. Тексерулер алдын ала хабарламай жүргізіледі, бұл объектілердің санитариялық жағдайын объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Жоспарлы тексерулер мен мониторинг шеңберіндегі алғашқы бару кезінде айыппұл санкциялары қолданылмайды. Әкімшілік жауапкершілік анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймаған субъектілерге ғана қарастырылады.

Бұзушылықтар балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайларда жедел ден қою шаралары қолданылады: объектілердің қызметін тоқтата тұру, пайдалануға тыйым салу және персоналды жұмыстан шеттету.

2026 жылдың екінші жартыжылдығына Комитеттің аумақтық бөлімшелері ерекше бақылау мен қадағалауға жататын объектілердің тізімдерін бекітті. Жоспарлы тексерулермен 35 338 объектіні қамту көзделген.

Қазіргі уақытта медициналық ұйымдарда иммундық профилактика мәселелері бойынша мониторинг жүргізілуде. 2 936 объект тексеріліп, 339 нұсқама берілді. Жедел ден қою шаралары аясында 29 объектінің қызметі тоқтатылып, 14 қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілді.

Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету және балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі жұмыс жалғасуда.