
Комитет XIV Халықаралық «Антиконтрафакт-2026» форумына қатысты.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде жыл сайын өткізілетін «Антиконтрафакт» форумы контрафактілік өнімдердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылау және бірлескен тәсілдерді әзірлеу жөніндегі негізгі халықаралық алаңдардың бірі болып табылады.
Форум аясында интернет-сауда саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, тауарларды таңбалау жүйесін дамыту, сондай-ақ цифрлық ортада сенімді қалыптастыру мәселелеріне арналған тақырыптық пікірталас сессиялары өтті.
Комитет өкілдері темекі өнімдері мен жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша пікірталас сессияларына қатысты.
Форум аясында талқыланған мәселелерді бірлесіп пысықтау техникалық және әкімшілік кедергілерді жоюға, интеграциялық үдерістерді тереңдетуге, өнеркәсіптің заманауи технологиялық салаларын дамытуға, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ішкі нарығын қорғауға ықпал ететін болады.