
2020 жылдың қазан айында Батыс Қазақстан облысында өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде 306 өнім сынамасы зерттеуге алынды, оның 218-і - тамақ өнімдері және 88-і - өнеркәсіптік топ тауарлары.
Сынамаға алынғандардың негізгі бөлігін Кеден одағына мүше мемлекеттер - 202 (66%), алыс және жақын шет елдер - 59 (19%) және отандық өндірушілер - 45 (15%) өнімі құрайды.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша КО ТР талаптарына сәйкессіздік 30 (Кеден одағына мүше мемлекеттер - 20 (66,7%), алыс және жақын шет елдер - 9 (30%) және отандық өндіруші - 1 (3,3%)) сынамадан анықталды. Бұл іріктелген өнімнің жалпы санының 9,8% -ын құрады. Оның 14-і - тамақ өнімдері, 16-сы - өнеркәсіп тобының тауарлары.
Тамақ өнімдерінің ішінде құс шаруашылығы өнімдері (4 сынама), сүт өнімдері (3 сынама), ет өнімдері (2 сынама), балық өнімдері (2 сынама), алкоголь, көкөніс және ұн өнімдерінің бір-бір сынамасына сәйкессіздіктер анықталды.
Өнеркәсіптік топ тауарларының арасында ойыншықтарда (12 үлгі), балаларға арналған жеңіл өнеркәсіп тауарларында (2 үлгі), парфюмерлік-косметикалық өнімдерде (2 үлгі) бұзушылықтар анықталды.
Барлық бұзушылықтар өнімді таңбалау бойынша анықталды: мемлекеттік тілдегі жазуы жоқ, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, ЕАС белгісі, өндірушінің атауы және орналасқан жері көрсетілмеген.
Сондай-ақ, ойыншықтардың екі сынамасында органолептикалық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік анықталды (ойыншықтың жиектерінде қабыршақтар мен жарықтар бар, шылдырмақтар сыртынан боялған).
Тексеру кезінде 4974 тг. сомасына 1,26 кг өнім саттықтан алынып тасталды.
Нысандарға анықталған бұзушылықтарды жою туралы 13 ұйғарым берілді.