
"Қайрақ" санитарлық-өткізу бақылау бекетінде санитарлық қызмет мамандары 24/7 режимінде жұмыс істейді. Мұнда күніне 300-ден астам жүк көлігінің жүргізушілері ПТР сынақтарынан өтеді.
Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары жұмыс кабинеттерін блокпосттарға ауыстырды, ол жерде мамандар регламент бойынша арнайы киім - қорғаныш костюмінде, маскада, көзілдірік пен қолғап киіп жұмыс істейді. Бұл адамдар өз үйлері мен отбасыларын тастап, Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтағы әріптестеріне көмекке келді.
Күшейтілген режимдегі жұмыс өзінің тиімділігін дәлелдеді: бір күнде шекарада аурудың 2-3 жағдайы анықталады және жұқтырғандарды оқшаулау бойынша шаралар қабылданады. Карантиндік стационарда осы жерде, аудан орталығында орналасқан, онда тиісті анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары үш күнге дейін орналастырылады.
"Қайрақ"санитарлық-өткізу бақылау бекеті – бұл жақын шет елдерден жеткізілген жүктер өтетін облыстың басты автомобиль қақпасы. Аумағында 13 ауылдық округ бар, олардың кейбіреулері Ресей Федерациясының Челябинск облысының үш ауданымен шектеседі. Осының негізінде бұл аймақ санитарлық қызметтің ерекше бақылауында.
Өткен тәулікте, 12 қарашада санитарлық бекетте 7 537 автокөлік, оның ішінде 4 899 жеңіл, 199 жолаушы, 2 439 жүк және 11 894 жолаушы тексерілді. 118 көліктің кіруіне тыйым салынды.
Автокөліктерді тексеру кезінде КВИ белгілері бар адамдар анықталған жоқ. Бекеттердің жұмысына жүргізушілер мен жолаушылар тарапынан ешқандай шағым түскен жоқ.