Павлодар тұрғындары карантинде дүркіретіп тойын жасаған

Павлодар тұрғындары карантинде дүркіретіп тойын жасаған

Павлодар облысында эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты мониторингтік топтың жұмысы күшейтілді. Алайда, карантиндік шектеулер күшейтілгеніне қарамастан, өңірде отбасылық іс-шараларды өткізу жағдайлары тоқтамай тұр. Мейрамхана иелерінің арасында жүйелі түрде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзатындары да бар.

Тек соңғы аптада облыста көлемінде той өткізудің 7 фактісі тіркелді, олардың көпшілігі демалыс күндері болған.

Мәселен, 6 қарашада Екібастұз қаласында «Бәйтерек» мейрамханасында 60 адамға арналған үйлену тойы өткен. 7 қарашада облыс орталығындағы «Саида Плаза» мейрамханасындағы тойға одан да көп қонақ жиналған.
8 қараша күні «Алтын ғасыр» мейрамханасында қонақтар «Құдалықты» атап өткен. «Барс» мейрамханасында бір уақытта «Қыз ұзату» мен мерейтой тойланған.

Барлық бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға мониторингтік топ өкілдері тарапынан әкімшілік хаттамалар толтырылды.