Шымкентте түнгі клуб карантинді бұзған

Шымкентте түнгі клуб карантинді бұзған

Шымкент қаласының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында, қала бойынша 16 мониторингтік топ карантин режимі кезінде қызметі рұқсат етілген нысандарға мониторинг жүргізуде.

Мониторингтік топтардың құрамында: аудандық әкімдік, прокуратура, жергілікті полиция және аудандық санитариялық қызмет мамандары бар.

Соңғы бір тәулік ішінде, қала бойынша 69 нысандарда санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 7 нысанда бұзушылық фактісі тіркелді. Оның ішінде, бір түнгі клуб пен бильярд клубы, 2 дәмхана және 3 дүкен бар. Барлық бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға полиция қызметкерлері тарапынан әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ, санитариялық қызмет мамандарымен карантиндік талаптардың қатаң сақталуының маңыздылығы жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізу жалғасуда.