
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, Exposure Notification технологиясын (Google және Apple компанияларының жұқтыру қаупі туралы хабарламалар жүйесі) пайдалана отырып, короновирустық инфекцияның таралуын бақылау және жұқтыру ошақтарын уақтылы оқшаулау мақсатында 2020 жылғы 8 қазанда «Saqbol» мобильді қосымшасы іске асырылды. Бұл қосымшаны AppStore және Play Market-те жүктеуге болады
https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nitec.bizbirgemiz
https://apps.apple.com/kz/app/saqbol/id1524246169
Бұл қосымшаның жұмысы сол бағдарлама орнатылған басқа құрылғылармен контактілерді жасырын түрде іздеуге және бағдарлама орнатылған басқа құрылғылармен шифрланған өзара әрекеттесу жазбаларын сақтауға бағытталған.
Қосымшаны ҚР аумағында Bluetooth қолдайтын смартфоны бар кез келген азамат жүктей алады. ПТР-зерттеуге жолдама нөмірі бар 10 таңбалы UID-кодты енгізген кезде пайдаланушы тестілеу нәтижесін ала алады. Covid-19 тестінің оң нәтижесі болған жағдайда, азаматтың келісімімен онымен 15 минуттан астам уақыт байланыста болған барлық азаматтарға соңғы 14 күн ішінде өзін-өзі оқшаулау және Covid-19 бар-жоғына тест жүргізу қажеттілігі туралы хабарлама келеді. Бұл ретте хабарламаны алғандардың ешқайсысы ауырған азаматтың жеке деректерін танымайды.