Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 1 қарашадағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 1 қарашадағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 442 жағдай тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 112 860 жетті.
Оның ішінде:

- Алматы қаласында - 14777(+21),

- Нұр-Сұлтан қаласында -14625(+28),

- Атырау облысында - 11302(+3),

- Қарағанды облысында - 10590(+16),

- Шығыс Қазақстан облысында - 10295 (+245),

- Батыс Қазақстан облысында - 7037(+13),

- Шымкент қаласында -5240(+0),

- Алматы облысында - 5158(+2),

- Солтүстік Қазақстан облысында - 4503(+35),

- Павлодар облысында - 4301(+30),

- Жамбыл облысында - 4191(+3),

- Ақмола облысында - 3777(+27),

- Қостанай облысында - 3654(+13),

- Түркістан облысында - 3418(+0),

- Маңғыстау облысында - 3405(+2),

- Ақтөбе облысында -3325(+4),

- Қызылорда облысында -3262(+0).

 

Қазақстанда 114 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласында - 46,
Алматы қаласында - 6,
Ақмола облысында - 7,
Шығыс Қазақстан облысында - 7,
Қарағанды облысында - 21,
Қызылорда облысында - 3,
Павлодар облысында - 24.

Елімізде барлығы 106 514 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

 

Үстіміздегі жылдың 2 қарашасындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 489 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 333 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 420 науқас жатыр. 2 069 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 150 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

2020 жылғы 2 қарашасындағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

Өткен тәулікте 41 жағдай тіркелді. Бір тәулік ішінде 32 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 38 003, өлім жағдайлары - 402, барлығы 28 819 адам сауығып шықты.