
2020 жылы кене энцефалиті бойынша облыстың эндемиялық аймақтарындағы медициналық ұйымдарына кене шағу бойынша медициналық көмекке 3974 адам жүгінді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 35% құрайды.
Кене шағудан зардап шеккен адамдардың ең көп саны Өскемен, Риддер қалалары мен Катонқарағай ауданының аумақтарында тіркелген.
2020 жылдың эпидемиялық маусымы басталғаннан бері Алтай, Глубокое, Катонқарағай, Көкпекті аудандарының және Риддер, Өскемен қалаларының аумақтарында кене энцефалитінің 21 расталған жағдайы, Алтай ауданында иксодты кене боррелиозының (Лайм ауруы) 6 жағдайы тіркелген. Сондай-ақ, осы жылы облыста кене риккетсиозының 6 жағдайы тіркелген, оның ішінде Зайсан ауданында 4 жағдай және Курчатов және Өскемен қалаларында бір-бір жағдайдан тіркелген.
Катонқарағай ауданы және Риддер қаласының аумақтары кене энцефалитімен сырқаттанушылық бойынша жоғары эндемиялық болып табылады, онда жалпы сырқаттанушылықтың орта есеппен 52%-ы тіркеледі.
Аурушаңдықтың көп жағдайы кенелердің ең көп белсенділігі кезеңі – мамыр-тамыз айларында байқалады. Кене энцефалитімен сырқаттанушылық бойынша эпидемиялық маусымның ұзақтығы 4 айды құрайды, ең жоғары сырқаттанушылық (75-80%) маусым-шілде айларында байқалады.
Барлық науқастар стационар жағдайында арнайы ем алып, жазылып шықты.