Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің өкілеттіктерін кеңейту

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің өкілеттіктерін кеңейту

2026 жылғы 1 ақпаннан бастап бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің өкілеттіктері кеңейтіледі. Олар бұзушылықтардың себептерін жою жөнінде жеке ұсынымдарды жергілікті атқарушы органдарға және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылатын мемлекеттік органдарға жолдау құқығына ие болады, сондай-ақ бұзушылықтардың жүйелі себептерін жою үшін шаралар қабылдауды талап ете алады.
Бұл өкілеттіктер балалар мекемелерінде және әлеуметтік сала ұйымдарында анықталған қауіп-қатерлерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.