
Арнайы бақылау жүйесіне балалардың болатын орындарында құқықбұзушылықтарды проактивті түрде анықтауға бағытталған жаңа тетік – объектілерге бару арқылы жүргізілетін мониторинг енгізілді.
Мониторинг тағайындауға негіз болады:
• Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппараты басшылығының тапсырмалары;
• Денсаулық сақтау министрінің тапсырмалары.
Мониторинг білім беру ұйымдарының оқу жылына дайындығын, сауықтыру объектілерінің жазғы маусымға әзірлігін, сондай-ақ медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы іс-шаралардың уақтылы жүргізілуін бағалау үшін жүргізіледі.