ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Инфекциялық емес аурулардың алдын алу
Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар күшейтілді. 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында қант пен тұзды азайтып, көкөністер, жемістер мен сүт өнімдерінің үлесін арттыруды көздейтін жаңа Тамақтану стандарты күшіне енді.
Тамақтану сапасын бағалауға мүмкіндік беретін «желінбейтін тағам индексі» көрсеткіші енгізілді. 2026 жылы білім беру және тәрбиелеу объектілерінің Тамақтану стандартына сәйкестігі мен оның сақталуын бағалау жоспарлануда.

Су және денсаулық мәселелері
1992 жылғы трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенцияға қатысты Су және денсаулық мәселелері жөніндегі Хаттаманы ратификациялау туралы Заң қабылданды. Бұл суға қатысты Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұл суға байланысты аурулардың таралуын азайтып, қоғамдық денсаулықты нығайтуға ықпал етеді.

Бақылау-қадағалау қызметі
Халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін бұзушылықтар анықталған жағдайда жедел әрекет ету өкілеттіктері күшейтілді. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын және балалармен жұмыс істейтін объектілерге қатысты ерекше бақылау жүргізуді көздейтін заңнамалық түзетулер қабылданды. Бақылаудың жаңа форматы 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне еніп, алдын алуға басымдық бере отырып, кенеттен тексерулер жүргізуге мүмкіндік береді.