
Бүгін Комитет Төрағасы Сархат Бейсенова Ұлытау облысының СЭБД басшысы Болат Қалмағамбетовті құрметті зейнетке шығуымен құттықтады.
Болат Саданұлы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы жүйесіне көптеген жылдарын арнап, кәсіби жолын дәрігер-эпидемиологтан бастап, Департамент басшысына дейін өтті. Оның басшылығымен жаңа облыстың қалыптасуы жағдайында Департаменттің тиімді жұмысы жолға қойылып, тұрақты эпидемиологиялық ахуал қамтамасыз етілді, материалдық-техникалық база нығайтылды және жас мамандарды тартуға қолайлы жағдайлар жасалды.
Комитет басшылығы мен аумақтық департаменттер басшыларының атынан Болат Саданұлына естелік сағат, Денсаулық сақтау министрлігі Аппарат басшысының Алғыс хаты, Комитет Төрағасының Құрмет грамотасы табысталды, сондай-ақ игі дәстүрге сай терең құрмет пен ризашылықтың белгісі ретінде құрмет шапаны жабылды.
Іс-шара соңында Комитет төрағасы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бүкіл ұжымын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық, амандық, кәсіби табыс және барлық игіліктерді тіледі.