2025 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ

2025 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ
2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша инфекциялық аурулардың басым бөлігі бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты күйінде сақталуда. Жүргізіліп жатқан профилактикалық және індетке қарсы іс-шаралардың нәтижесінде республика аумағында 19 инфекциялық ауру бойынша жағдай тіркелмеді, олардың қатарында оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит және іш сүзегі бар.
36 инфекциялық ауру бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалды: қызылша – 9,2 есеге, көкжөтел – 7,9 есеге, А вирусты гепатиті – 2,5 есеге, коронавирустық инфекция – 2 есеге, жіті ішек инфекциялары – 5,1%-ға төмендеді.
Иммунопрофилактика
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 11–13 жас аралығындағы қыз балаларға адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация енгізілді. 280 мыңнан астам вакцина егілді. Бұл вакцинация АПВ таралуын азайтуға және онымен байланысты онкологиялық аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді. 11 жастағы ұл балаларды вакцинациялау жоспарлануда.
Антибиотикке төзімділікпен күрес және ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу
Антибиотикке төзімділікке қатысты эпидқадағалау жүйесі кеңейтілді. Қазіргі уақытта ол 25 медициналық ұйымға енгізілді. Астана қаласындағы UMC базасында және Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығында инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау бойынша озық тәжірибе мектептері құрылды.