
Бүгін Астанада дөңгелек үстел отырысында сарапшылар радиотолқындардың адам ағзасына әсері мәселелерін талқылады. Іс-шараға Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми қауымдастық, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында ұялы байланыс саласын дамытудың өзекті мәселелері, халық үшін интернет байланысының сапасын арттыру, сондай-ақ тұрғындар үшін электромагниттік сәулеленудің шекті рұқсат етілген деңгейлерінің нормативтерін қайта қарау мәселелері талқыланды.
Электромагниттік өрістер – адам өмір сүретін заманауи ортаның ажырамас бөлігі. Ұялы байланыстың қарқынды дамуы, ұялы телефондар мен басқа да электрондық құрылғылардың кеңінен қолданылуы жағдайында қоршаған ортадағы электромагниттік сәулелену көздерінің саны айтарлықтай артып келеді. Осыған байланысты радиожиілікті электромагниттік өрістер халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға ықпал ететін әлеуетті фактор ретінде барған сайын жиі қарастырылуда.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы уақытта конструктивті өзара іс-қимыл мен бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.