Комитет төрағасы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды

Комитет төрағасы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды

Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Комитет төрағасы Сархат Бейсенова ведомстволық бағынысты нысандарды аралап, өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысымен танысты.

Сапар барысында ол обаға қарсы станцияда болып, жоспарланып отырған құрылыс алаңын қарап, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау нысандарының материалдық-техникалық жабдықталу деңгейін бағалады.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық қызметін дамытудың перспективалары пысықталып, өңір халқының денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Халықты иммундау шараларын күшейту және қызметтің кадрлық әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ Комитет төрағасы Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалының зертханалық бөлімшелерінде болды. Мұнда жыл басынан бері орталық санитариялық-гигиеналық, вирусологиялық, радиологиялық бағыттар бойынша, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялар мен жоғары технологиялық сараптама түрлері бойынша 278 194 зерттеу жүргізген.

Зертханалық зерттеулердің сапасын арттыру, эпидемиологиялық қадағалаудың тиімділігін күшейту, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы дамытудың келешегі, оның ішінде инфрақұрылымды жаңғырту мен заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жұмыс сапарының екінші күні Сархат Бейсенова Сырдария ауданына барып, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, көліктегі Қызылорда бөлімшелік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының және вирусологиялық зертхананың қызметімен танысты.