
Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен аудандық ауруханалардың қызметкерлеріне отандық өндірістің 24 жылжымалы медициналық кешенін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
Вице-премьер Е.Тоғжанов құттықтау сөзінде Мемлекет басшысы мен Үкімет атынан барлық медицина қызметкерлеріне қажырлы еңбектері үшін шын жүректен алғысын білдірді.
Аталған кешендер аудан орталықтарынан 100 км астам қашықтықта орналасқан ауылдық округтерде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Шалғай елді мекендердің тұрғындары үшін қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жабдықталған 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Кешен жабдықталған 7 мамандандырылған кабинеттен тұрады: жалпы қабылдау кабинеті, жалпы практика дәрігерінің аймағы, талдауларды қабылдау аймағы, дәріхана пункті, функционалдық диагностика тестілері, акушер-гинеколог кабинеті. Сонымен қатар, рентген және флюорография жасауға арналған арнайы бөлме бар.
Вице-премьер Е.Тоғжанов сапалы медициналық көмек көрсету үшін барлық шаралар қабылдануда екендігін ерекше атап өтті.
Жалпы, соңғы жылдары 500-ден астам денсаулық сақтау нысандары салынды.
Алдағы 3 жылда 318 нысанның құрылысы жоспарланған, оның ішінде 98 дәрігерлік амбулатория, 87 фельдшерлік-акушерлік пункт, 127 медициналық пункт бар.
Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарына үйде уақтылы медициналық көмек көрсету үшін қажетті клиникалық-диагностикалық минимуммен жабдықталған 1737 көшпелі мобильді бригада жұмыс істейді.
11 өңірдің аудандық ауруханаларын жете жарақтандыру мақсатында отандық өндірістің рентген аппараттарының қосымша 53 бірлігі сатып алынды.
Сонымен қатар, жедел медициналық көмек қызметін жабдықтау үшін 1 167 бірлік санитарлық автокөлік жеткізіледі. Сондай-ақ, жыл соңына дейін 2619 ӨЖЖ аппараты, 64 оттегі станциясы жеткізіледі.
Ауылдық медициналық ұйымдарға амбулаториялық көмек ретінде 30 млрд. теңгеден астам сомаға дәрілік заттар, ал ауылдық стационарларына - 9,5 млрд. теңгеге дәрі-дәрмек жіберілді.
Күзгі-қысқы кезеңдерде дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында жұқпалы аурулар ауруханалары үшін 91 атаудан тұратын дәрілік заттардың қоры қалыптастырылды, сондай-ақ Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында 60 мың адамды емдеу үшін 8,2 млрд. теңге сомасына сұранысқа ие дәрілік заттардың екі айлық қоры қалыптастырылуда.
Барлық өңірлерде сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін 13,8 млрд. теңгеге дәрілік заттардың тұрақтандыру қорлары ұйымдастырылды.