
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 596 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.
Осыған байланысты, 2020 жылғы 22 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Е-Лицензиялау» МДҚ, «Е-рұқсат МДҚ» ақпараттық жүйесі арқылы медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларында мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініш берушілердің өтінімдерін қабылдауды қайта бастады.