Сарапшылар ауылдық жерде азық-түлік қауіпсіздігі мен зооноздардың алдын алу мәселелерін талқылады

Сарапшылар ауылдық жерде азық-түлік қауіпсіздігі мен зооноздардың алдын алу мәселелерін талқылады

Бүгін Астанада Ұлттық кітапхана базасында ауылдық жерлерде азық-түлік қауіпсіздігі мен зооноздардың алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтың және фермерлік бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Қатысушылар ауылдық өңірлерде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зооноздық аурулардың алдын алу үшін салалар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мен кешенді тәсілді енгізу жолдарын талқылады. Әсіресе, халық денсаулығына төнетін ең маңызды жаһандық қатерлердің бірі болып саналатын антимикробтық препараттарға төзімділік мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл бағытта үйлесімді іс-қимыл қажеттігі атап өтілді.

Өз баяндамасында Комитет төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов зооноздардың алдын алудың халық денсаулығын қорғау және мал шаруашылығы маңызды рөл атқаратын ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы үшін негізгі элемент екенін атап өтті. Ол гигиеналық стандарттарды сақтау, инфекцияларды тиімді бақылау және антимикробтық препараттарды ұтымды қолдану қажеттігін айтты.

Талқылау барысында қатысушылар зооноздардың пайда болу және таралу қаупін азайтуға, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға, сондай-ақ ауылдық қауымдастық деңгейінде профилактикалық шараларды жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстарын ұсынды.

Жалпы, дөңгелек үстел фермерлер, денсаулық сақтау органдары, ветеринариялық қадағалау қызметі, жергілікті билік және халықаралық әріптестер арасында сындарлы саларалық диалог алаңына айналды.