Сарапшылар микробқа қарсы препараттарға төзімділік мәселелерін талқылады

Сарапшылар микробқа қарсы препараттарға төзімділік мәселелерін талқылады
Бүгін Астанада Комитет мен ҚДҰОның бірлесіп ұйымдастыруымен микробқа қарсы препараттарға төзімділік мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өтті. Оған мемлекеттік органдардың, ғылыми ортаның өкілдері, медицина және ветеринария салаларының мамандары қатысты. 
Қатысушылар эпидемиологиялық жағдайды талқылап, зертханалық әлеуетті және мониторингті дамыту, микробқа қарсы төзімділіктің алдын алу және бақылау жүйесін нығайту бойынша одан әрі қадамдарды белгіледі. 
Іс-шара барысында қатысушылар микробқа қарсы препараттарға төзімділікті ұлттық қадағалау нәтижелерін қарастырып, медицинада, ветеринарияда және ауыл шаруашылығында антибиотиктерді ұтымды пайдалану ісінде тәжірибе алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ұлттық механизмдерін күшейту және антибиотиктерді жауапты қолдануды ілгерілету бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайындықтарын растады.