Астанада микробқа қарсы төзімділік мәселелері талқыланды

Астанада микробқа қарсы төзімділік мәселелері талқыланды

    Микробқа қарсы төзімділік туралы дүниежүзілік хабардар ету апталығы (МҚТ) аясында елордада микробқа қарсы төзімділіктің алдын алу және бақылау мәселелері бойынша халықаралық конференция өтті. Іс-шара халықаралық ұйымдардың өкілдерін, жұқпалы аурулар саласындағы жетекші сарапшыларды, ғылыми қоғамдастық пен медицина қызметкерлерін біріктірді. Конференцияның негізгі мақсаты инфекциялардың тұрақты түрлерінің таралуын болдырмауға бағытталған ұлттық және жаһандық стратегияларды талқылау.
Комитет төрағасы Сархат Бейсенова кіріспе сөзінде микробқа қарсы төзімділік қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың аса маңызды қатерлерінің бірі болып қала беретінін атап өтті. Қоздырғыштардың төзімділігінің артуы емдеуді қиындатады, экономикалық шығындарды арттырады және денсаулық сақтау жүйесінің барлық буындарының үйлесімді өзара әрекеттесуін талап етеді.
Конференция барысында қатысушылар эпидемиологиялық қадағалау және микробқа қарсы препараттарға төзімділік мониторингі жүйелерін дамыту, жұқпалы ауруларды емдеудің клиникалық хаттамаларын жетілдіру, сондай-ақ медицина мен ветеринарияда антибиотиктерді ұтымсыз пайдалануды азайту жөніндегі шараларды қарады. "Бірыңғай денсаулық" тұжырымдамасы шеңберінде ведомствоаралық өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Конференция қорытындысы бойынша МҚТ-ға қарсы іс-қимыл жүйесін одан әрі нығайтуға және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.