ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу

Комитет ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық жағдайына апта сайын мониторинг жүргізеді. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ЖРВИ-дің 1 461 819 жағдайы тіркелсе, өткен эпидемиялық маусымның ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20%-ға төмен екені байқалады.
Эпидемиялық маусым басталғаннан бері зертханалық расталған А тұмауының 590 жағдайы тіркелді.
Республикада тұмауға қарсы 2 112 009 адам немесе халықтың 10,3% егілді, вакцинация жалғасуда.