17 қараша – жатыр мойны обырын жою жөніндегі іс-қимыл күні

17 қараша – жатыр мойны обырын жою жөніндегі іс-қимыл күні

Бүкіл әлемде 17 қарашада жатыр мойны обырын жою жөніндегі іс-қимыл күні атап өтіледі. Бұл күн денсаулықты қорғау қажеттілігіне назар аударуға арналған маңызды күн.
Ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде Қазақстан жатыр мойны обырының дамуының негізгі себебі болып саналатын адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинацияны енгізуді белсенді түрде жалғастыруда.
2024 жылғы қыркүйектен бастап республикада АПВ-ға қарсы 11 жастағы қыздарды жоспарлы және 12-13 жастағы қыздарды толықтыра вакцинациялау жүргізілуде. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап АПВға қарсы вакцинасының 2 дозасымен егу жұмыстары басталған болатын.
Бүгінгі таңда республика бойынша АПВ-ға қарсы 1 кезеңде – 11-13 жастағы 182,8 мыңнан астам, 2 кезеңде – 113,9 мың қыз бала егілді. Қолданыстағы "Гардасил" вакцинасы ДДҰ-мен сертификатталған, қауіпсіз және тиімді. Вакцинация алты ай аралықпен екі дозаны қамтиды және медициналық тексеруден, ата-аналардың келісімін алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Егілгендердің арасында иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.
АПВ қарсы вакцинация – жатыр мойны обырының алдын алудың және болашақ ұрпақтың денсаулығын қорғаудың ең тиімді әдістерінің бірі.