Обаға қарсы күрес станцияларының материалдық-техникалық базасы жаңаруда

Обаға қарсы күрес станцияларының материалдық-техникалық базасы жаңаруда

            Комитет обаға қарсы күрес станцияларын заманауи қондырғылармен, құралдармен жабдықтау бойынша жүйелі шаралар қабылдауда. Мәслен, Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы ағымдағы жылы 120-дан астам медициналық қондырғының 21 түрімен жарақтандырылды.

Жаңа медициналық құрылғылар облыстың шалғай ауылдарында, атап айтсақ оба қауіпті инфекциясының табиғи ошағына жататын Бозой ауылында халық денсаушылығын қорғау ісіне қызмет ететін болады. Осы уақытқа дейін Бозой ауылына жақын орналасқан табиғи ошақтардан алынған сынамаларға заманауи иммунды-ферментті сараптаулар Шалқар немесе Ақтөбе қалаларында жасалса, бұдан былай Бозой обаға қарсы күрес бөлімшесінде жасалынатын болады.

Бұл өз кезегінде түрлі инфекцияларға тосқауыл қоюға бағытталған жұмыстарды жылдамдатады. Сатып алынған медициналық құралдар қатарында бүгінгі күн талаптарына сәйкес инфекциялық және иммунологиялық көрсеткіштерді жылдам анықтауға мүмкіндік беретін амплификатор, микроскоптар, темостаттар және т.б. бар.   

      Жаңа медициналық қондырғылар обаға қарсы күрес станциясының жергілікті жерлердегі мамандарының жұмыстарының сапасын да арттырары сөзсіз.