Иондаушы сәулелену көздерін радиациялық бақылаудан босату

Иондаушы сәулелену көздерін радиациялық бақылаудан босату

Комитет иондаушы сәулелену көздері радиациялық бақылаудан және есепке алудан, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану саласында санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды мен лицензия алу қажеттілігінен босатылуы мүмкін жағдайлар туралы хабарлайды.

«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 5-тармағына сәйкес егер мына жағдайларда:

      - фотонды сәулеленудің ең жоғары энергиясы 5 килоэлектронвольттан аспайтын иондаушы сәулеленуді генерациялайтын электрлі-физикалық құрылғылар;

      - қалыпты пайдалану жағдайларында аппаратураның бетінен 0,1 метр қашықтықта кез келген қолжетімді нүктеде эквивалентті дозаның қуаты сағатына 1,0 микрозиверттен аспайтын иондаушы сәулеленуді генерациялайтын басқа да электрлі-физикалық құрылғылар;

      - жабық радионуклидтік сәулелену көзінің бетінен 0,1 метр қашықтықта орналасқан кез келген нүктедегі эквивалентті доза қуаты фоннан 1,0 мкЗв/сағ аспайтын болса және берік герметизациялануы қамтамасыз етілсе;

    - жұмыс орнында ашық радионуклид көздерінің үлестік белсенділігі МАҮБ-дан аз болса немесе сәулеленудің ашық радионуклид көзінің белсенділігі № ҚР ДСМ-71 бұйрықта келтірілген МАБ-тан аз болса, бұл ретте жекелеген радионуклидтердің белсенділігі олардың кестелік мәндеріне қатынасының жиынтығы 1-ден аз болса;

      - ұйымда ашық радионуклид көздерінің жалпы белсенділігі МАБ-тан 10 есе артық болмаса немесе әртүрлі радионуклидтер белсенділігінің кестелік мәндеріне қатынасының жиынтығы 1-ден артық болмаса радиациялық бақылау мен есепке алудан, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны, атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензияны алу қажеттілігінен босатылады.  

Радиациялық бақылаудан босату үшін объектінің орналасқан жері бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесіне жазбаша немесе электрондық өтінішпен және № ҚР ДСМ-275/2020 СТ-ның 5-тармағының талаптарын орындау бойынша растайтын құжаттарды тіркей отырып жүгінуге болады.