Тамақтанудың жаңа стандартын енгізуді талдау

Тамақтанудың жаңа стандартын енгізуді талдау

Астанада тамақтануды ұйымдастырудың жаңа стандартын енгізуді талдау, бақылау, мониторинг және қаржыландыру тетіктерін жетілдіру бойынша дөңгелек үстел өтті. Оған мемлекеттік органдардың, өңірлік білім және денсаулық сақтау басқармаларының, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтердің өкілдері, Қазақ тамақтану академиясының және халықаралық ұйымдардың сарапшылары қатысты.
Қатысушылар стандарттың іске асырылуын бақылау және мониторингтеу тетіктерін жетілдіру, мектепте тамақтану бағдарламаларын қаржылық-экономикалық қамтамасыз ету, ас блоктары мен инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ оқу бағдарламаларына дұрыс тамақтану негіздерін енгізу мәселелерін қарады.
"Стандартты енгізу – бұл жай ғана формальды қадам емес, балалардың денсаулығына қамқорлық жасау әр деңгейде басымдыққа айналатын заманауи жүйені құру", - деп атап өтті дөңгелек үстел барысында Комитет төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов.
Кездесу соңында ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың, қаржыландыру тетіктерін жетілдірудің және мектептегі тамақтану жүйесінің ашықтығын арттырудың маңыздылығы атап өтілді.