ҚАЗАҚСТАНДА ЖРВИ-МЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕН ДЕ ТӨМЕН БОЛЫП ОТЫР

ҚАЗАҚСТАНДА ЖРВИ-МЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕН ДЕ ТӨМЕН БОЛЫП ОТЫР
           
         Республикада жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай маусымдық норма шегінде дамуда. Сырқаттанушылық бойынша динамика тұрақты және өткен жылдың көрсеткіштерінен төмен болып қалуда.
         Эпидемиялық маусым басталғаннан бері ЖРВИ-дың 1,27 млн жағдайы тіркелді - бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ға аз. А типті тұмаудың 304 жағдайы расталды (H3N2) – бұл жыл сайын айналатын стандартты маусымдық кіші түрі. Вирустың жаңа штамдары анықталған жоқ.
ДДҰ болжамы бойынша, ағымдағы маусымда вирустың үш штамы – A (H1N1), A (H3N2) және B өзекті. Олардың барлығы вакцинаның құрамына кіреді, бұл аурудың ауыр түрлерінен тиімді қорғауды қамтамасыз етеді.
         ТМККК шеңберінде халықты иммундау үшін тұмауға қарсы вакцинаның 2,1 млн дозасы сатып алынды. Бұл халықтың 11%-ы вакцинациялаумен қамтуға мүмкіндік береді, бұл ДДҰ-ның ұсынылған деңгейіне сәйкес келеді және одан да асып түседі. Бүгінгі таңда 1,9 млн адам (халықтың 9,4%) вакцинацияланды, науқан жалғасуда.
Тегін вакцинацияны медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған балалар, жетімдер, мүгедектер, жүкті әйелдер, 65 жастан асқан қарттар және созылмалы аурулары бар азаматтар алады.
Вакцинациялауды тіркелген жері бойынша емханаларда, сондай-ақ жеке медициналық орталықтарда ақылы негізде жасауға болады.
         Денсаулық сақтау министрлігі уақтылы вакцинациялауды, жеке гигиена ережелерін сақтауды, үй-жайларды үнемі желдетіп отыруды және аурудың белгілері пайда болған кезде дәрігерге қаралуды ұсынады.