Комитет өткізу сатысында өнімнің қауіпсіздігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізе отырып, бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде оның ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
2025 жылғы 9 айдың нәтижесі бойынша жүзеге асырылған бақылау мақсатында сатып алынған 23735 үлгінің (тауар) 25,6%-ы міндетті талаптарға сәйкес келмегені анықталды.
Негізгі бұзушылықтар таңбалау талаптары бойынша – 92,6%, микробиологиялық – 2,2%, токсикологиялық-гигиеналық – 0,7%, физико-химиялық – 1,7%, физикалық факторлар бойынша – 0,7%, тұтынушыны алдау – 0,9%, санитарлық-химиялық – 0,2%, органолептикалық – 0,8%.
Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) алып қою және сатудан қайтару бойынша 1194 жедел ден қою шарасы қабылданып, 8,9 тоннадан астам сәйкес келмейтін өнім кері алынды/қайтарылды.
2025 жылдың 9 айында мониторингпен онлайн-сауда арқылы алдын ала тапсырыс бойынша мемлекеттік тіркеу туралы куәліктері жоқ (МТК) биологиялық белсенді қоспаны (ББҚ) сататын 838 профильде жарнама тарату фактілері анықталды.
Заңсыз жарнаманы жою туралы жарнама таратушыларға 358 ұсыныс хат жолданды. «Атамекен» ҰКП филиалдарына және мемлекеттік органдарға онлайн-сауда арқылы МТК-сіз ББҚ жарнамасының бұзылу фактілері бойынша 28 хат жіберілді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде «Meta» компаниясы Instagram-нан 9 профильдік парақшаны жойды.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың денсаулығын қорғау мақсатында өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін, сондай-ақ жарнама саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау жөніндегі жұмыс жалғасуда.