Комитет қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке қатысты

Комитет қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Комитет ұжымы сенбілікке шығып, қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мен санитариялық саламаттылығын қолдауға өз үлесін қосты.
Тазалық жұмыстары ертесімен басталды: мемлекеттік қызметшілер тиісті құрал-жабдықтарды қолдарына ұстап, жалпы қолданыстағы аумақтар мен көкалдарды жапырақтардан, қоқыстардан тазартты.
Сенбілікке қатысу қаланың санитариялық жағдайын жақсартуға үлес қосу ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілікті сомдаудың үлгісіне айналды. Акция қоғам мен мемлекеттік құрылымдардың қоршаған ортаны қорғау мен тазалық мәдениетін қалыптастырудағы бірлескен ерік-жігерін танытты.
«Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда, алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғау мен санитариялық саламаттылықты қолдауға бағытталған бастамалар жүзеге аса бермек.