Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 12 қазанындағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 12 қазанындағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 70 жағдай тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 108 901 жетті.
Оның ішінде:

- Алматы қаласында - 14463(+9),

- Нұр-Сұлтан қаласында -14206(+3),

- Атырау облысында - 11153(+8),

- Қарағанды облысында - 10357(+6),

- Шығыс Қазақстан облысында - 8943 (+11),

- Батыс Қазақстан облысында - 6890(+5),

- Шымкент қаласында -5207(+4),

- Алматы облысында - 4995(+0),

- Солтүстік Қазақстан облысында - 4231(+12),

- Жамбыл облысында - 4145(+2),

- Павлодар облысында - 3999(+1),

- Ақмола облысында - 3531(+5),

- Қостанай облысында - 3523(+4),

- Түркістан облысында - 3394(+0),

- Маңғыстау облысында - 3362(+0),

- Ақтөбе облысында -3257(+0),

- Қызылорда облысында -3245(+0).

 

Қазақстанда 162 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласында -10,
Шымкент қаласында - 21,
Алматы облысында - 4,
Атырау облысында - 48,
Батыс Қазақстан облысында - 18,
Қарағанды облысында - 9,
Қостанай облысында - 5,
Маңғыстау облысында - 46,
Павлодар облысында - 1.

Елімізде барлығы 104 203 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

 

Үстіміздегі жылдың 13 қазанындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 927 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 77 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 103 науқас жатыр. 824 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 85 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

2020 жылғы 13 қазанындағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

Өткен тәулікте 4 жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 10 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 34 913, өлім жағдайлары - 370, барлығы 27 709 адам сауығып шықты