Астанада симуляциялық кабинеттік оқу-жаттығу өтті

Астанада симуляциялық кабинеттік оқу-жаттығу өтті

2025 жылғы 9-10 қазанда Астанада Комитет пен оның аумақтық бөлімшелері, ҚДҰО, Ауыл шаруашылығы, Экология және табиғи ресурстар министрліктері, халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен зооноздық аурулардың өршуін болдырмау, бақылау және ден қою мақсатында салааралық өзара әрекеттесудің дайындығы мен тиімділігін бағауға арналған симуляциялық кабинеттік оқу-жаттығу өтті.

Шара барысында қатысушылар жануарлар мен адамдар арасында берілетін инфекциялық аурулардың өршуі кезінде тиімді шараларды күшейтудің жаңа тәсілдерін талқылап, бірлескен іс-қимылдар ретін пысықтады.