
Шымкент қаласында, жыл сайын тұрғындардың кемінде 10% - ы тұмауға қарсы екпе алады. Соның ішінде соңғы жылдарда қала тұрғындарының осал топтарын тұмауға қарсы вакцинациялауға аса ден қойылып, қамту 2018 жылы - 11,0%, 2019-12,5% жетті. Есесіне тұрғындардың жіті респираторлық вирустық инфекциялармен аурушаңдығы, вакцинациямен (5,1%) аз қамтылған 2010 жылдармен салыстырғанда 2,5 есеге төмендеді (2010 жылы 100 мың тұрғынға аурушаңдық көрсеткіші 5163,0-ден 2019ж.- 2053,9-ға дейін).
Қала бойынша жыл сайын тұмауға қарсы вакцинациялау қазан айының 1-нен басталатын болса, осы жылы COVID-19 коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып 15 қыркүйектен басталды.
Шымкент қаласы 2020 жылы «ГРИППОЛ плюс» вакцинасының 128 мыңнан астам дозасымен жабдықталды. Бұл жалпы қала тұрғындарының 12% жоғарысын иммундауға жетеді. Үш валентті вакцина A (H3N2), A (H1N1) және В тұмау штаммдарының антигендерін қамтиды.
15 қыркүйек – 8 қазан аралығында тұмауға қарсы 125 357 адам, яғни осал топтағы адамдардың 97,2% екпемен қамтылды. Бұлар: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балалар, алты айдан асқан көп ауыратын балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балалары, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылары, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде жүкті әйелдер, жүрек-қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар адамдар.
Атап айтқанда, бірінші кезекте қаланың барлық 14 273 медицина қызметкері екпе алды. Жүктіліктің 2-3 триместріндегі 7300-ден аса әйелдердің бүгінгі таңға 4747-і екпемен қамтылып, жоспардың 64 пайызы орындалды. Қалған 2 553 әйел 15 қараша дейін екпе алулары жоспарланды. Сонымен қатар, жұмыс берушінің есебінен 1868 адам екпе алды. Шымкент қаласында екпе алған адамдар арасында вакцинациядан кейінгі асқынулар мен реакциялар тіркелген жоқ.
Тұмау және тұмаудан кейін болатын асқынулардың алдын алу үшін вакцинациядан бас тартпай, дер кезінде екпе жасатыңыздар!