Жолаушылар автокөліктеріне қойылатын талаптар

Жолаушылар автокөліктеріне қойылатын талаптар

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына  сәйкес COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу және халық арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында автокөлік құралдарын ұстауға қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:

- жолаушыларды түсіргеннен кейін соңғы келу пунктінде (әр шеңберден кейін) жолаушылар автокөлік құралын жинау және профилактикалық дезинфекциялау жүргізу;

- жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін салонды желдетуді, ылғалды жинауды және төбені, қабырғалар мен терезелерді, есіктерді, орындықтарды, тұтқаларды, қайырмалы үстелдерді, жолаушылар орындардың жеке сүйніштері, еденді дезинфекциялау құралдарымен өңдеу жолымен профилактикалық дезинфекциялауды жүргізу;

- жолаушылар автокөлігінің салонында барлық сыртқы беттерді зарарсыздандыру қажет.

Жүргізуші мен кондукторларға қойылатын  негізгі талаптар:

- кондуктордың жұмысы қолғаппен, медициналық маскалармен жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен (әрбір 2 сағат сайын) жүзеге асырылуы тиіс;

- жұмыс күні ішінде қолғаптарды, медициналық маскаларды пайдалана отырып, оларды уақтылы ауыстыру шартымен көлік құралын басқару (әрбір 2 сағат сайын);

 - жолаушыларға орын саны бойынша қоғамдық көліктерге кіруге рұқсат беру;

- салонға маска кимеген жолаушыларды жібермеу болып табылады.

Автокөлік салонына тек маска киіп кіруге болатын туралы, жолаушыларға қойылатын талаптар жазылған және салонға кірген кезде жолаушылар әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс.

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінен бастап 25 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс автостанциясының соңғы аялдама пункттерінде, 30-шағын ауданында, Қазыбек би және Октябрь ауданының 14 шағын ауданында Қарағанды облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық басқармалары, Коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп Қарағанды қаласының полиция бөлімі, аудандық әкімдіктер жолаушылар автокөліктерінде карантиндік шаралардың сақталуы бойынша, соңғы келу пунктінде жолаушыларды түсіргеннен кейін жолаушылар автокөлігіне дезинфекциялау және ылғалды жинау бөлігінде, жүргізушілер мен кондукторларда жеке қорғаныш құралдарының (маска, қолғап) болуына тексеру жүргізілді.

Қазіргі таңда қоғамдық көлікте карантиндік шаралар талаптарының орындалмайтыны тіркелуде: автокөлік құралдарын өңдеуге арналған дезинфекциялау құралдары жоқ, автокөлік құралдарының толық толтырылуы (әсіресе «қарбалас» сағаттарында), кондукторлар мен жүргізушілер көбінесе қолғап пен маскасыз жұмыс істейді немесе иекке түсіріп киеді), аялдама пункттерінде салондарды жинау және профилактикалық дезинфекциялау және т. б. жүргізілмейді.

Қаулының талаптарын жүргізушілер мен кондукторлар ғана емес, жолаушылар да орындамайды. Коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы халық арасында белсенді жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қарамастан, негізінен барлық жолаушылар автокөлік құралдарында маскасыз немесе иегіне тағады, ал COVID-19 вирусы жоғары деңгейде жұқпалы болып табылады. Сөйлескен кезде және жай тыныс алғанда, жұқтырған адам атмосфераға вирустармен қаныққан ауа тамшыларын шығарады, олар ұзақ уақыт ауада аэрозоль күйінде қалады, бұл жолаушылар арасында көптеген инфекцияларға әкелуі мүмкін. Сондықтан әрбір жолаушы өз денсаулығы үшін ғана емес, айналасындағы адамдардың денсаулығы үшін де жауапты екенін есте ұстаған жөн.