
Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдары санитариялық-эпидемиологиялық қызмет күрделі реформалардан өтті. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық қызметі бірнеше рет қайта құрылды және ведомстволық бағыныстылығы өзгерді. Қазақстан Республикасының тарихындағы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» алғашқы Заң (1994 ж.) құқықтық негізде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жүйесін және оны дамыту тұжырымдамасын анықтады. Еліміздің аумақтық құрылымы өзгеруіне байланысты санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының саны 369-дан 236-ге дейін төмендеді.
Сонымен қатар, токсикологиялық зертханалар желісі дамыды, (1993 жылы) Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында, (1994 жылы) Маңғыстау, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе және Ақмола облыстарында, (1995 жылы) Жезқазған және Талдықорған облыстарында, (1996 жылы) Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында және Алматы қаласында облыстық токсикологиялық зертханалар ұйымдастырылды.