
Транс май қышқылдарының изомерлерінің (әрі қарай – ТМҚ) рұқсат етілетін деңгейіне қойылатын талаптар Кеден одағының «Май өнімдеріне арналған техникалық регламент» техникалық регламентімен реттеледі.
Еуразиялық экономикалық одақтың аясында тағамдық өнімдерді өндіруде жасанды транс майлардың қолданылуы шектелсе, балалар тағамын өндіруде мүлдем тыйым салынған.
Маргарин, спред, балқытылған қоспалар, арнайы мақсаттағы майлар, сүт майын алмастырғыштар, какао майының эквиваленттері, SOS типіндегі какао майын жақсартқыштар, какао майын алмастырғыштарға құрамында қаныққан май қышқылдарының және ТМҚ тамақ өнімдері туралы ақпараттандыру бойынша талаптар қойылған.
Сондай-ақ, тағамдық өнімдердің құрамын, тағамдық және энергетикалық құндылығын таңбалау бойынша талаптар Кеден одағының «Таңбалау бөлігіндегі тағамдық өнімдерге арналған техникалық регламентте» белгіленген.
Денсаулық сақтау министрлігі «Тағамдық өнімдерді таңбалау мақсатындағы түстік индикация» әдістемелік ұсынымдарын бекітіп, онда қосылған қант, тұз, қаныққан май қышқылдары және транс май қышқылдарының құрамын ескере отырып өндірістік тағамдық өнімдерді таңбалауда түстік индикацияны пайдалануға қатысты стандартталған тәсілдер беріледі.