2020 жылдың 28 қыркүйегінде бейнебайланыс режимінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдарының басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Covid-19 коронавирустық инфекциясының және өзге де инфекциялық аурулардың таралуын болдырмау жөніндегі денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы іс-шаралардың кешенді жоспарын іске асыру барысы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәселелер қаралды.
Аталған жиынға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің атынан Қиясов Ерлан Аңсағанұлы, денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қатысты.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша мемлекеттердің эпидемиологиялық жағдайы мен COVID-19 таралуына жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар жайында, сондай-ақ COVID-19 коронавирустық инфекциясының және өзге де инфекциялық аурулардың таралуына жол бермеу бойынша денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы іс-шаралардың кешенді жоспарының орындалуы бойынша өзара ақпараттармен алмасты.