
28 қыркүйек «Дүниежүзілік құтыруға қарсы күрес күні». Қазақстан Республикасы бойынша алғаш рет 2012 жылы қыркүйек айының 28 - күні Жамбыл облысының санэпидқадағалау департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген.
Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Жамбыл облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бақылау департаментінің аса қауіпті инфекцияларды (АҚИ) және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандары "Құтырудан сақтану және алдын алу" тақырыбында семинар өткізді.
Карантиндік шараларды сақтау мақсатында кездесу онлайн форматта өтті.
Онлайн семинарды аса қауіпті инфекцияларды (АҚИ) және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы К.Р.Рахимов ашты.
Аса қауіпті инфекцияларды (АҚИ) және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы Е.Т.Нұрмаханбетов Құтыру ауруы және одан дұрыс сақтану жолдары туралы толық баяндама жасады.
Баяндама соңында семинарға қатысушы мамандарға, тұрғындарды өмірлеріне жауапкершілікпен қарап, егер жануарлардан зардап шексе міндетті түрде, дер кезінде медициналық көмекке жүгінуге шақырып, халық арасында толық түсіндіру және барлық ақпарат құралдарын пайдалана отырып санитарлық-ағарту жұмыстарын кең көлемде жүргізілулерін талап етілді.