Дәрілік заттардың шекті бағаларын сақтау бойынша Департаментпен өткізілген іс-шаралардың нәтижелері

Дәрілік заттардың шекті бағаларын сақтау бойынша Департаментпен өткізілген іс-шаралардың нәтижелері

Ақтөбе облысының аумағында 13 дәріхана қоймасы, 369 дәріхана жұмыс істейді (Ақтөбе қаласында – 277, облыс аудандарында – 90), дәріхана пункттері – 40, фармацевтикалық өндірістер – 9.

Коронавирус инфекциясын және пневмонияны жұқтырғандар санының болжамнан тыс күрт өсуіне байланысты, маусым айының аяғында – шілде айының басында аймақтық дәріханалардың бөлшек сауда желісінде дәрілік заттардың тапшылығы қалыптасты.

Жетіспеушілік аясында облыстың дәріханаларында дәрілік заттарға бағалардың асыра көрсетілуі орын алды, осыған байланысты 2020 жылдың 17 шілдесінде Департамент, Ақтөбе облысының әкімдігі, Ақтөбе облысының фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы мен қауымдастыққа мүше емес ұйымдар арасында дәрігердің рецепті бойынша рецептілік дәрілік заттарды босатуға, рецептімен және рецептісіз дәрілік заттарды емдеу курсына бөлшек саудада өткізуге қатысты ДЗ көтерме және бөлшек саудада өткізу мәселелері бойынша ынтымақтастық, сондай-ақ дәрілік заттардың шекті бөлшек сауда бағасын сақтау туралы Меморандум жасалды

Бүгінгі күні Ақтөбе облысында, жалпы алғанда, дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жағдайы тұрақталды. КВИ және пневмониямен сырқаттанушылықтың төмендеуіне байланысты, Ақтөбе облысының дәріхана желілерін дәрілік заттармен қамтамасыз етудің көбеюіне орай, дәріханалардың бөлшек сауда желісіне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға, оның ішінде медициналық маскаларға сұраныс төмендеді.

Халыққа ыңғайлы болу үшін дәріханаларда суық тию кезінде халық арасында сұранысқа ие дәрілік заттардың 5 атауына шекті бағалары бар жадынамалар орналастырылған, қалған дәрілік заттарға шекті бағаны QR-код бойынша білуге болады, сондай-ақ, дәріханаларда халыққа көрінетін жерде Департаменттің телефон нөмірлері (телефондар: 55-75-18, 55-75-19) туралы ақпарат орналастырылуы тиіс, олар бойынша халық шекті бағаның асып кетуіне, сондай-ақ дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігіне шағымдана алады.

Дәрілік заттардың шекті бөлшек сауда бағалары туралы ақпаратты dari.kz мобильді қосымшасын жүктеу арқылы алуға болады.

2020 жылдың 8 ай ішінде Департаментпен 79 әкімшілік іс қозғалды және 33 319 133 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде ҚРӘҚБтК 426-бабы 1-бөлігі бойынша 62 әкімшілік іс бойынша шекті бағадан асыру бойынша 32 047 008 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

Департамент тұрақты негізде бөлшек сауда желісіндегі шекті бағаларға қоңырау шалу арқылы мониторинг жүргізеді, бұл ретте бағаны асыру фактілері анықталмады.