
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 52 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 107 775 жетті.
Оның ішінде:
Алматы қаласында - 14376(+6),
Нұр-Сұлтан қаласында -14075(+1),
Атырау облысында - 11080(+4),
Қарағанды облысында - 10259(+4),
Шығыс Қазақстан облысында - 8692 (+14),
Батыс Қазақстан облысында - 6855(+1),
Шымкент қаласында -5188(+0),
Алматы облысында - 4961(+2),
Жамбыл облысында - 4125(+1),
Солтүстік Қазақстан облысында - 4086(+5),
Павлодар облысында - 3911(+6),
Қостанай облысында - 3483(+2),
Ақмола облысында - 3484(+4),
Түркістан облысында - 3374(+0),
Маңғыстау облысында - 3340(+0),
Қызылорда облысында -3242(+0),
Ақтөбе облысында -3244(+2).
Қазақстанда 70 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Шымкент қаласында - 41,
Ақтөбе облысында - 29.
Елімізде барлығы 102 736 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Үстіміздегі жылдың 28 қыркүйектегі коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 314 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 46 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 827 науқас жатыр. 1 487 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 94 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
Өткен тәулікте 38 жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 21 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 32 490, өлім жағдайлары - 350, барлығы 27 057 адам сауығып шықты