
Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері В.Нечитайло № 50 қаулысымен өңірдегі бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешім қабылданды.
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтануына байланыста және жұмыс күндеріне келушілер ағынын азайту мақсатында демалыс күндері сұлулық салондары мен шаштараздардың, сондай-ақ косметикалық қызмет көрсететін объектілердің жұмыс істеуіне рұқсат беру туралы шешім қабылданды.
Бүгінгі таңда өмірдің барлық саласында санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау бұрынғыдан да маңызды. Заманауи адам сыртқы келбетіне көп көңіл бөледі, сұлулық салонына бару әрқайсымыздың өмірімізде қажетті атрибутқа айналды. Сұлулық индустриясының иелері мен қызметкерлеріне қажетті санитариялық-гигиеналық талаптар туралы еске салғымыз келеді:
1) Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген жеке қорғаныш құралдарының (арнайы киім, медициналық маскалар), дезинфекциялау және жуу заттарының, қолды өңдеуге арналған антисептиктердің азаймайтын қорының болуы.
2) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамды бекіту (температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, қорғау құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
3)профилактикалық тексеру, жөндеу жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау, желдету режимін қамтамасыз ету және сақтау;
4) ұйымға кірген кезде персоналдың дене температурасын жанасусыз немесе жанаспалы тәсілмен өлшеуге арналған аппараттарды (электрондық, инфрақызыл термометрлер, тасымалданатын жылу түсіргіштер) қолдана отырып бақылау)
5) жұмыс орындарында және келушілер үшін қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, телефон мен басқа да заттарды өңдеуге арналған персонал мен клиенттерге арналған сулықтар қорының болуы;
6) жұмыс күні ішінде қолғаптарды (әрбір клиенттен кейін оларды ауыстыру шартымен), медициналық маскаларды (оларды әрбір 2 сағат сайын ауыстыру шартымен) пайдалану);
7) жұмыс үй-жайларында ауаны тұрақты зарарсыздандыру мақсатында бактерицидті шамдарды (келушілер мен персонал болмаған кезде пайдаланылады) және (немесе) ауа рециркуляторларын (адамдардың қатысуымен пайдаланылады) қолдану;
8) жұмыс орындары арасында кемінде 2 метр қашықтықты мүлтіксіз сақтау, оңтайлы жұмыс аймақтары шекараларының таңбалануын қамтамасыз ету;
9) келушілерге тек бетперде кию арқылы рұқсат беру;
10) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін жағдайларды барынша қамтамасыз ету (карталар, телефондағы қосымша);
11) персоналдың әрбір келуші үшін құралдарды өңдеу қағидаларын қатаң сақтауы;
12) әрбір клиенттен кейін жұмыс орнын қосымша өңдеу.
Дезинфекция жүргізу үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.
Дезинфекциялау құралдары вирусты инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген оларға қоса берілген нұсқаулықтарды қатаң сақтаған кезде қолданылады.
Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыс этикеткасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңі ішінде сақталады.