Меню

Страницы

Статья

Қазақстандық базарлардан 4 тоннадан астам қауіпті өнім алынды

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  комитетінің 2021 жылы елдің тұтыну нарығында сатылатын тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды қорытындылады.

Ішкі нарықты сапасыз өнімдерден қорғау мақсатында ЕАЭО техникалық регламенттері талаптарының орындалуын бақылау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

2021 жылы мониторинг аясында 30051 тамақ өнімдерінің сынамалары зерттелді, оның ішінде 3339-ы (11,1%) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді. Соның ішінде, таңбалау қағидаларының сақталмауы-78,9%, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік – 10,8%, қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкессіздік - 4,6%, таңбалауда мәлімделген өнімнің көрсеткіштері бойынша (жалған өнімнің болуы) немесе тұтынушыны жаңылыстыратын көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік-7,5% құрады.

Комитетте атап өткендей, сәйкессіздіктердің ең көп саны ет өнімдерінде – 14,4%, құс етінде – 13,6%, балықта - 10,9%, май өнімдерінде – 4,5%, сүт өнімдерінде – 10,8%, кондитерлік өнімдерде – 10,5%, нан және нан - тоқаш өнімдерінде – 1,1 %, ұн, макарон өнімдері мен жарма өнімдерінде - 5,0%, жеміс – көкөніс өнімдерінде – 5,5%, қапталған ауыз суда – 0,3%, минералды суда – 0,3 %, шырын өнімдері – 2,0 %, алкоголь өнімдері-1,3 %, алкогольсіз сусындар-4,6 %, мамандандырылған тамақ өнімдері-0,9 %, биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) – 0,8% және өзге де тамақ өнімдері-10,7%.

Ведомствоның ақпараты бойынша, негізгі бұзушылықтар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден жеткізілетін өнімдерде – 53,2 %, басқа елдерден – 23,0% анықталды.

Отандық өндірушілердің белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімі - 23,8% құрады.

Анықталған бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша 1682 берілді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 28 іс қозғалып және соттың 5 қаулысы шығарылып, 14 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Сатудан 4 тоннадан астам қауіпті өнім алынды.

Комитеттің деректері бойынша, сәйкес келмейтін өнімдердің ішкі нарықта айналысының негізгі себептері: "сұр" сертификаттар мен сәйкестікті растау декларацияларын беретін сәйкестікті растау жөніндегі органдардың жосықсыз қызметі және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тауарларды кедендік ресімдеу кезінде "сұр" сертификаттар мен өнімге арналған декларацияларды пайдалануы.

Комитет сәйкестікті сенімді бағалаусыз өткізілетін өнімді анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Осылайша, Техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органға өнімнің сәйкестігін растау құжаттарын берудің дұрыс еместігін және бақылаусыз екенін көрсететін фактілерді анықтау туралы 58 материал жіберілді.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен ГМО-дан тамақ өнімдерін (Оңтүстік Кореяның тез дайындалатын кеспесі) әкелуді және өткізуді шектеу бойынша уақытша санитарлық шаралар енгізілді.

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарау және ветеринариялық-санитариялық санкциялар енгізу туралы шешім қабылдау үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 12 өнім өндірушілеріне қатысты материалдар жолданды. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілердің атына тиісті шаралар қабылдау үшін сәйкес келмейтін өнімді анықтау туралы 457 хабарлама жолданды.

Сәйкес келмейтін өнім өндірушілерге қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға және ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына 30 хабарлама жіберілді.

Қазақстанда сатылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне мониторинг бойынша ҚР ДСМ ҚЭК жұмысы жалғасуда.

Дата публикации
28 января 2022
Дата обновления
28 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы