Құрметті жолаушылар, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 3 қаулысының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес шетелден келетін адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсының болуына қарамастан, ПТР әдісімен (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде) COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы (бұдан әрі – Анықтама) ұсынуға міндетті. Бұл ретте Анықтама ПТР әдісімен зерттеу үшін материалды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан ерте емес уақытта алған жағдайда жарамды.
5 жасқа дейінгі балаларды алып жүретін адамдарда; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларында; авиакомпаниялардың экипаждарында; локомотив бригадаларының мүшелерінде; теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарда Анықтама болған кезде анықтама ұсыну талап етілмейді.
Анықтаманы ұсынбаған жолаушылар әуе кемесінің бортына отырғызуға жіберілмейді.
Бұл ретте Қазақстан Республикасына шетелден халықаралық жолаушылар авиарейстерімен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы келген адамдарға (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарының, локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметіне байланысты адамдарды қоспағанда) қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жүргізіледі.
Осы қаулының 5 және 6-қосымшаларына сәйкес Қазақстан Республикасына шетелден келген адамдар термометриядан, сауалнамадан өтеді және COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының болуына қарамастан Анықтама ұсынуға міндетті.
Бұл ретте осы қаулының 6-қосымшасының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарындағы өткізу пункттері арқылы келген Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар Анықтама болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 3 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін материал алуды медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманы жүзеге асырады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелері алынғаннан кейін теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алынып, COVID-19 ықтимал белгілері туралы түсіндіру жүргізіледі, COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.
Осы шектеу шаралары 2022 жылғы 17 қаңтардан бастап қолданылады.