«Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 193/2020 бұйрығына сәйкес 2021 жылғы арналған қоршаған орта объектілерінің жай-күйін санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеу
(өсу реті бойынша 4 тоқсанның қорытындылары есепті жылдағы деректерді қамтиды )
2021 жылдың 4 -тоқсанында (өсу ретімен) Қазақстан Республикасының аумақтық СЭБД бақылауында 1 санаттағы 179 ашық су айдыны болды (2020ж. 4-тоқс.-179).
Аумақтар бойынша 1 санаттағы ашық су айдындары Қостанай -38, Алматы - 32, Шығыс Қазақстан - 24, Ақмола - 19, Батыс Қазақстан - 13, Павлодар - 12, Жамбыл - 9, Түркістан - 7, Солтүстік Қазақстан - 6, Атырау - 4, Қарағанды - 4, Маңғыстау - 4 облыстарында, Алматы қ.- 4, Нұр-Сұлтан қ.- 1 және көлікте - 2 орналасқан .
2021 жылғы 4 -тоқсанында есепті кезең ішінде Ұлттық сараптама орталығы аумақтық филиалдарының зертханалары микробиологиялық көрсеткіштерге 1 санаттағы ашық су айдындары суының 1330 (2020ж. -тоқс. – 1465) сынамасын зерттеді, оның ішінде 79 немесе 6,0% (2020ж. 4-тоқс. - 3,8%) санитариялық талаптарға сәйкес келмеді.
Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша республикалық көрсеткіштен жоғары болу Жамбыл (23,6%), Атырау (8,3%), Маңғыстау (5,2%), Ақмола (3,8%), Түркістан (2,0%), Батыс Қазақстан (1,6%) облыстарында және Алматы қ. (35,2%), Нұр-Сұлтан (33,3%) анықталды. Санитариялық-химиялық көрсеткіштерге судың 1236 сынамасы зерттелді (2020ж. 4-тоқс. - 1261), оның 64 сынамасы немесе 5,2% санитариялық талаптарға сәйкес келмеді (2020ж. 4-тоқс.- 6,7%). Дегенмен, республикалық көрсеткіштен жоғары болу Шығыс Қазақстан– 35,3% (17/6), Жамбыл - 29,0% (55/16), Атырау - 9,4% (372/35), Ақмола - 7,3% (41/3), Қостанай - 2,9% (34/1) облыстарында және Нұр-Сұлтан - 60,0% (5/3).
Республика бойынша 2- санаттағы 548 ашық су айдыны бар (2020ж. 4-тоқс.-499), оның ішінде 30 объекті немесе 5,5% (2020ж. 4-тоқс. – 0,4%) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға жауап бермеді. Санитариялық нормаларға сәйкес келмейтін көрсеткіштердің 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,1 есеге жақсарғанын айта кету керек. Дегенмен, Қызылорда - 9,0%, Қостанай - 2,3% облыстарының және Нұр-Сұлтан қ. - 100%, Алматы қ. - 83,3% СЭБД бойынша 2 санаттағы су айдындары санитариялық талаптарға жауап бермейді.
Микробиологиялық көрсеткіштерге 2 -санаттағы ашық су айдындары суының 3190 сынамасы зерттелді (2020ж. 4-тоқс. -3162), оның ішінде 449 сынама немесе 12,1% санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмеді (2020ж. 4-тоқс. – 12,8).
2020 жылдың ұқсас кееңімен салыстырғанда есепті кезеңде судың санитариялық нормаларға сәйкес келмейтін микробиологиялық көрсеткіштерінің 1,3%-ға нашарлағанын айта кету керек. Республикалық көрсеткіштен жоғары болу Қызылорда -72,9% (48/35), Атырау – 58,1% (43/25), Батыс Қазақстан – 20,6% (316/65) облыстарында және Алматы қ. бойынша СЭБД – 82,3% (306/252) анықталды.
Санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 2954 су сынамасы зерттелді (2020ж. 4-тоқс. - 2815), олардың ішінде 328 сынама немесе 11,1% (2020ж. - 9,6%) санитариялық талаптарға жауап бермейді. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда есепті кезеңде судың санитариялық нормаларға сәйкес келмейтін санитариялық-химиялық көрсеткіштерінің 3,8%-ға нашарлады. Республикалық көрсеткіштен жоғары болу Қызылорда – 98,9% (93/92), Атырау – 58,1% (43/25), Ақтөбе – 19,0% (152/29), Жамбыл-18,0% (55/10), Батыс Қазақстан – 18,6% (327/61), Қостанай - 9,1% (241/22) облыстарының СЭБД бойынша анықталды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2021 жылдың есепті кезеңінде I және II санаттағы су қоймаларындағы судың санитариялық-химиялық көрсеткіштері жақсарды, микробиологиялық көрсеткіштері тұрақты күйде деуге болады. II санаттағы су қоймаларындағы судың микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерінің нашарлағанын айта кету керек.
Атмосфералық ауаның жағдайын санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеу (өсу ретімен).
Қазақстан Республикасында санитариялық классификацияға сәйкес нормативтік өлшемдегі санитариялық-қорғаныш аймағы (СҚА) бар объектілер саны 1555 (2020 жылғы 4- тоқсан - 1657%) немесе атмосфераға ұйымдастырылған шығарындылар жіберетін объектілердің 93,2-сі (2020 жылғы 4- тоқсан- 95,6%)(10-кесте).
Аумақтық СЭБД деректері бойынша 2021 жылдың 4 тоқсанында атмосфералық ауа құрамындағы ингредиенттер саны 109-ды құрады, оның ішінде I-II қауіптілік класындағы заттар – 37 (2020 ж. 4 тоқсан – 103/37).
Құрамдауыштардың ең көп мөлшері Шығыс Қазақстан (73), Қарағанды (44), Павлодар (36), Ақтөбе (35) Батыс Қазақстан (32), Қостанай (29), Жамбыл (27) облыстарында және Алматы қ. орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындыларында анықталды (109).
Республика бойынша барлығы 2021 жылғы 4-тоқсанда Ұлттық сараптама орталығының (ҰСО) аумақтық филиалдары атмосфераға шығарындылар құрамындағы ингредиенттердің 35-ін немесе 32,1%-ын (2020 ж. 4-тоқсан – 81/19) анықтады (2020 жылғы 4-тоқсан – 78,6), оның ішінде I-II қауіптілік кластарындағы 20 затты немесе олардың 54,1%-ын анықтады (2020 ж. 4-тоқсан – 51,4%).
Республика бойынша атмосфералық ауаның жағдайын санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеуді жүзеге асыру үшін 2021 жылғы 4-тоқсанда аумақтық СЭБД және ҰСОФ зертханалық зерттеулер үшін атмосфералық ауаның сынамаларын іріктеп алудың 1747 бақылау нүктесін айқындады (2020ж. 4-тоқс. - 1632). Бақылау нүктелері селитебтік аймақта, санитариялық-қорғаныш аймағында және тұрғын үй аймағынан тікелей өтетін магистральдық автокөлік жолдарының бойында анықталған.
Бақылау пункттерінің ең көп саны Батыс Қазақстан (342), Солтүстік Қазақстан (220), Қарағанды (174), Ақмола (160), Ақтөбе (128) және Павлодар (102) облыстарының СЭБД бойынша анықталған.
Айта кету керек, ауаға шығарындыларда 109 ингредиент болғанымен, Алматы аумағында бар болғаны 37 бақылау нүктесі анықталған. Алматы қаласы бойынша СЭБД бұл 109 заттың «шығу тегі» туралы ақпарат бермеді.
2021 жылдың 4-тоқсанында (өсу ретімен) санитариялық-химиялық көрсеткіштерге атмосфералық ауаның 248714 сынамасы зерттелді, оның ішінде ШРЕК деңгейі жоғары болған 7428 сынама немесе олардың 3,0%-ы анықталды (2020 ж. 4 тоқсан – 397941/14593 немесе 3,66%). 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2021 жылдың есепті кезеңінде атмосфералық ауаның санитариялық-химиялық көрсеткіштері 0,7%-ға жақсарды.
Аумақ бөлігінде атмосфералық ауадағы зиянды заттардың ШРЕК деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен Алматы (12,35%), Нұр-Сұлтан ққ. (6,67%) және Ақмола облысында жоғары (4,14%).
2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2021 жылдың 4-тоқсанында Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі ауаның жағдайы – 0,36%-дан 0,1%-ға дейін жақсарды, Ақмола қаласында 4,14%-дан 3,9%-ға дейін; Батыс Қазақстан облысында 1,02%-дан 0,3%-ға дейін; Қостанай облысында – 0,58%-дан 0,1%-ға дейін; Маңғыстау облысында – 2,80%-дан 2,4%-ға дейін; Павлодар облысында – 0,15%-дан 0,1%-ға дейін; Солтүстік Қазақстан облысында – 0,29%-дан 0,2%-ға дейін; Түркістан облысында – 1,31%-дан 0,4%-ға дейін; Шымкент қаласында 0,85%-дан 0,5%-ға дейін жақсарды.
Қазақстан Республикасында топырақтың жағдайын санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеу (өсу ретімен).
2021 жылдың 4-тоқсанында (өсу ретімен) ҰСО филиалдарының аумақтық зертханалары санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 3140 топырақ сынамасын зерттеді (2020 жылдың 4- тоқсанында – 2744), оның ішінде санитариялық талаптарға сәйкес келмейтіндері 2 сынама немесе 0,06% (2020 жылдың 4- тоқсанында – 0,58%).
Микробиологиялық көрсеткіштерге 302 топырақ сынамасы зерттелді (2020ж. 4-тоқс.– 3218), оның ішінде 84 сынама немесе 2,0% (2020ж. 3-тоқс.– 2,8%) нормативтерге сәйкес келмейді. Республикалық орташа көрсеткіштен жоғары Қызылорда – 7,6% (39/3), Павлодар – 2,6% (302/8), Ақтөбе – 1,8% (453/8), облыстарында және Алматы қаласында - 70,3% (81/57) байқалады.
Гельминт жұмыртқаларына 6212 топырақ сынамасы зерттелді (2020ж. 4-тоқс.– 4572), оның ішінде 44 немесе 0,7% оң нәтижелі сынамалар табылды. Республикалық көрсеткіштен жоғары болу Ақтөбе – 4,6% (282/13), Қызылорда – 4,3% (46/2), Батыс Қазақстан - 2,5% (391/10), Жамбыл – 2,3% (42/1), Ақмола – 1,8% (109/2), Павлодар – 1,4% (655/9) облыстарында және Алматы қ. –12,5% (40/5) байқалады.
Қорытынды. 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда есепті кезеңде санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтін топырақ үлгілерінің төмендеуі байқалды.
2021 жылдың 4-тоқсанында Жалпы білім беретін мектептерді, оның ішінде мектеп-интернаттарды санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеу ( өсу ретімен).
Республикада 2021 жылдың 4-тоқсанында жалпы білім беретін 7215 ұйым (2020 жылдың 4 – тоқсаны -7146), оның ішінде 2009 мектеп (28%) қалалық үлгідегі (2020 жылдың 4-тоқсаны -1910 немесе 27%), ауылдық үлгідегі 5206 (72%) мектеп (2020 жылдың 4-тоқсаны-5236, немесе 73%) жұмыс істеді.
2021 жылдың өткен кезеңінде ҰСО филиалдарының зертханалары микробиологиялық көрсеткіштерге дайын тағамның 3844 сынамасын зерттеді, олардың 139-ы немесе 3,6% НҚ талаптарына сәйкес келмеді (2020 жылдың 4 -тоқсанында 3,2%). Мектептерде, оның ішінде мектеп-интернаттарда дайын тағамдардың микробиологиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін сынамалардың саны 0,2%-ға артты. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2021 жылдың өткен кезеңінде дайын тағамдар сынамаларының микробиологиялық көрсеткіштері Ақмола олысында 3,7%-дан 5,4%-ға дейін, Алматы облысында 3,3%-дан 4,8%-ға дейін, Атырау облысында 0,0%-дан 4,6%-ға дейін, Жамбыл облысында 0,0%-дан 3,5%-ға дейін, Павлодар облысында 2,2%-дан 5,2%-ға және Шығыс Қазақстан облысында 2,4%-дан 2,8%-ға төмендеді.
Мектеп асханаларынан дайын тағамдардың 2287 сынамасы алынып, құнарлылығы зерттелді, олардың 234 -і немесе 10,2% НҚ талаптарына жауап бермеді (2020 жылғы 4-тоқсан-15,9%). Өткен жылдың 4-тоқсанымен салыстырғанда құнарлылылғы бойынша талаптарға сәйкес келмейтін тағамдар 5,7%-ға төмендеді. Стандартқа сәйкес келмейтін тағамдардың жоғары үлес салмағы Батыс Қазақстан облысында 6,8%-дан 67,5%-ға дейін, Алматы облысында 8,2%-дан 12,7%-ға дейін, Ақтөбе облысында 1,5%-дан 6,8%-ға дейін, Қызылорда облысында 5,9%-дан 8,9%-ға дейін, Қостанай облысында 0-ден 5,0%-ға дейін, Павлодар облысында 2,9%-дан 6,7%-,а дейін және Солтүстік Қазақстан облысында 4,0%-дан 4,3%-ға дейін артты .
Мектептердің, оның ішінде мектеп-интернаттардың тағам блоктарынан алынған 31093 шайынды тексерілді, оның ішінде 1431-і немесе 4,6%-ы санитариялық нормаларға сәйкес келмеді (2020 ж. 4 тоқсан – 4,6%). Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2021 жылдың өткен кезеңінде талаптарға сәйкес келмеген сынамалар көрсеткіші төмендеген жоқ. Осыған қарамастан, талаптарға сәйкес келмейтін сынамалар саны артып, орташа республикалық көрсеткіштен Ақтөбе облысында 1,8%-дан 3,1%-ға дейін, Шығыс Қазақстан облысында 3,2%-дан 4,8%-ға дейін, Маңғыстау облысында 3,4%-дан 5,4%-ға, Батыс Қазақстан облысында 15,0-ден 17,5%-ға дейін, Қарағанды облысында 4,6%-дан 10,0%-ға, Павлодар облысында 1,5%-дан 2,1%-ға дейін, Солтүстік Қазақстан облысында 2,8%-дан 3,9%-ға дейін, Қостанай облысында 1,4%-дан 1,8%-ға дейін және Шымкент қ. 0,0%-дан 4,4%-ға дейін айтарлықтай асып кету байқалды.
Ауыз суды зертханалық зерттеу нәтижелері микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктің үлес салмағы республика бойынша 3,1% -ді (2020 жылғы 4-тоқсан - 3,%) құрағанын көрсетті. Мектептерде, оның ішінде мектеп-инернаттарда ауыз судың микробиологиялық көрсеткіштері Ақтөбе облысында 2020ж. 4-тоқсандағы 0,0%-дан 2021 жылдың өткен кезеңіндегі 2,8%-ға дейін, Алматы облысында 1,4%-дан 2,9%-ға дейін, Шығыс Қазақстан облысында 1,5%-дан 2,4%-ға дейін, Жамбыл облысында 0,0%-дан 1,5%-ға дейін, Батыс Қазастан облысында 0,6%-дан 4,3%-ға дейін, Қостанай облысында 4,1%-дан 7,7%-ға дейін, Қызылорда облысында 4,7%-дан 5,2%-ға дейін, Түркістан облысында 1,8%-дан 4,2%-ға дейін, Маңғыстау облысында 1,6%-дан 2,6%-ға дейін, Павлодар облысында 3,0%-дан 3,9%-ға дейін және Солтүстік Қазақстан облысында 0,0%-дан 0,3%-ға дейін төмендегенін айта кету керек.
Республика мектептерінде 2020 жылдағы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2021 жылыдың өткен кезеңінде микроклиматтық жағдайлар жақсарды. Мысалы, ҰСО филиалдарының зертханалары микроклиматтың 206473 өлшемін орындады, оның 6243-еуі немесе 3,0%-ы рұқсат етілген деңгейлерге сәйкес келмейді (2020 жылғы 4-тоқсан-4,1%).
Мәселен, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2021 жылдың өткен кезеңінде Ақтөбе облысының мектептерінде микроклиматтық жағдай 0,0%-дан 2,7%-ға, Түркістан облысында 1,0%-дан 3,2%-ға, Жамбыл облысында 0,7%-дан 2,6%-ға, Ақмола облысында 3,1%-дан 4,7%-ға, Павлодар облысында 0,0%-дан 1,3%-ға, Ақмола облысында 3,8%-дан 4,9%-ға және Маңғыстау облысында 1,1%-дан 1,2%-ға дейін нашарлады. Батыс Қазақстан облысының мектептерінде микроклиматтың гигиеналық талаптарға сай келмеу деңгейі жоғары – 9,1% (2020 ж. 4-тоқсан – 1,6%).
Мектептерде, оның ішінде мектеп-интернаттарда 2021 ж. 4-тоқсанында жарықтандырылудың 181901 өлшеуі жүргізілді, оның ішінде 9656-сы немесе 5,3%-ы НҚ-ға сәйкес келмеді (2020 жылғы 3 -тоқсан – 4,8%). Аумақтар бойынша жарықтандырылу көрсеткіші Батыс Қазақстан облысында 0,7%-дан 8,8%-ға дейін, Жамбыл облысында 7,6%-дан 13,9%-ға дейін, Шығыс Қазақстан облысында 1,1%-ден 7,3%-ға дейін, Алматы облысында 4,6%-дан 7,0%-ға дейін, Ақмола облысында 4,9%-дан 7,2%-ға дейін, Ақтөбе облысында 0,3%-дан 0,9%-ға дейін, Қызылорда облысында 2,5%-дан 2,9%-ға дейін, Түркістан облысында 4,9%-дан 5,1%-ға дейін және Шымкент қ. 0-ден 0,2%-ға дейін төмендеді.
Республика мектептерінде ЭМӨ -ге 213987 өлшеу жүргізілді, оның ішінде 4211 өлшеу немесе 1,2% (2020 жылғы 4-тоқсан-1,3%) санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келмейді. 2020-2021 жылдың 4 тоқсанында Түркістан облысының мектептерінде ЭМӨ өлшеулері нормативтік талаптардан асып кеткенін сәйкесінше 1,3% және 2,0%-ға жоғары болғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ, ЭМӨ көрсеткіштері Алматы облысының мектептерінде 1,2%-дан 2,7%-ға, Атырау облысында 0,0%-дан 0,6%-ға, Шығыс Қазақстан облысында 0,2%-дан 0,6%-ға, Жамбыл 3,7%-дан 5,0%-ға, Қызылорда облысында 0,5%-дан 1,0%-ға дейін және Нұр-Сұлтан қ. 2,1%-дан 2,5%-ға, Шымкент қ. 0,0%-дан 3,5%-ға дейін нашарлады.
2021 ж. 4-тоқсанында жиһаздың бой-жас ерекшеліктерінің сәйкестігіне 36939 өлшеу жүргізілді, олардың 681-і немесе 1,8% - ы санитариялық талаптарға жауап бермейді. (2020 жылғы 4 -тоқсан - 23%).
Қорытынды. 2021 жылдың 4-тоқсанында (өсу ретімен) республика бойынша жалпы білім беретін мектептердің 101-і немесе 1,4%-ы санитариялық талаптарға сай келмеді.
2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2021 жылдың өткен кезеңінде мектептердегі, оның ішінде интернаттардағы дайын тамақтың микробиологиялық көрсеткіштері, жарықтандыру және ЭҚК көрсеткіштері нашарлады.
Мектеп-интернаттарды санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеу (өсу ретімен).
Республикада есепті кезеңде 283 мектеп-интернат жұмыс істеді (2020 жылғы 4 -тоқсан – 268), оның ішінде 226 - сы (80%-ы) қалалық үлгідегі (2020 жылғы 4 -тоқсан - 224 немесе 84%) және 57-сі (20%-ы) ауылдық үлгідегі мектеп-интернат (2020 жылғы 4-тоқсан-44-16%).
2021 жылдың өткен кезеңінде ҰСО филиалдарының зертханалары микробиологиялық көрсеткіштерге дайын тағамдардың 752 сынамасын зерттеді, олардың 30-ы немесе 4,3% НҚ талаптарына сәйкес келмеді (2020 жылдың 4-тоқсаны - 3,5%). Микробиологиялық көрсеткіштері бойынша гигиеналық талаптарға сай келмейтін дайын тағам үлгілерінің 0,5%-ға өскені байқалды. Айта кету керек, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2021 жылдың өткен кезеңінде дайын тағамдардың микробиологиялық көрсеткіштері Ақмола қаласындағы мектеп-интернаттарда 0,0%-дан 2,5%-ға, Ақтөбе облысында 0,0%-дан 5,6%-ға, Атырау облысында 0,0%-дан 3,8%-ға, Жамбыл облысында 0,0%-дан 5,0%-ға, Қостанай облысында 0,0%-дан 7,4%-ға, Қызылорда облысында 0,0%-дан 2,2%-ға, Маңғыстау облысында 0,0%-дан 3,3%-ға, Павлодар облысында 0,0%-дан 7,7%-ға дейін, Солтүстік Қазақстан облысында 0,0%-дан 1,3%-ға және Алматы қ. 0,0%-дан 4,0%-ға, Шымкент қ. 0,0%-дан 7,7%-ға дейін төмендеді.
Мектеп асханаларынан дайын тағамның 591 сынамасы алынып, құнарлылығына зерттелді, оның 53-і немесе 9,0%-ы НҚ талаптарына сәйкес келмеді (2020 ж. 4-тоқсан – 9,3%). Өткен жылдың 4-тоқсанымен салыстырғанда 2021 жылдың өткен кезеңінде құнарлылық бойынша талаптарға сәйкес келмейтін дайын тағамдардың 0,3%-ға төмендеуі байқалды.Бұл ретте құнарлылық бойынша талаптарға сәйкес келмейтін дайын тағамдардың деңгейі Ақтөбе облысында 0,0%-дан 3,4%-ға, Алматы облысында 0,0%-дан 4,3%-ға дейін, Жамбыл облысында 0,0%-дан 19,4%-ға дейін, Қызылорда облысында 12,5%-дан 19,4%-ға, Павлодар облысында 0,0%-дан 8,0%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында 0,0%-дан 10,0%-ға дейін және Алматы қ. 0,0%-дан 5,6%-ға, Шымкент қ. 0,0%-дан 36,4%-ға дейін өсті.
Мектеп-интернаттардың тағам блоктарынан дайын тағамдардың 3953 шайындысы алынды, олардың 109-ы немесе 2,8%-ы (2020 жылғы 4- тоқсан – 3,5%) санитариялық нормаларға жауап бермеді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2021 жылдың өткен кезеңінде БГКП сәйкес емес шайындылар үлес салмағының 0,7%-ға төмендеуі байқалды.
Ауыз суды зертханалық зерттеу нәтижелері жалпы республика бойынша мектеп-интернаттардағы ауыз су сапасының жақсарғанын көрсетті, мұнда микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктің үлесі 2020 жылдың 4-тоқсанында 4,8%-ға қарағанда 2021 жылдың өткен кезеңінде 1,2%-ды құрады.
Мектеп-интернаттарда 2021 жылдың 4-тоқсанында 12829 жарықтандырылуды сынамасы алынып, оның ішінде 222 НҚ немесе 1,7% (2020 жылғы 4- тоқсан – 1,5%) 2020 жылдың 4-тоқсанымен салыстырғанда сәйкес келмеді. Өңірлер бойынша жарықтандырылу көрсеткіштері Ақмола облысында 0,0%-дан 1,2%-ға, Атырау облысында 0,0%-дан 0,3%-ға дейі, Батыс Қазақстан облысында 0,0%-дан 0,2%-ға, Қостанай облысында 0,0%-дан 7,8%-ға, Қызылорда облысында 4,7%-дан 7,0%-ға, Маңғыстау облысында 0,0%-дан 3,3%-ға, Түркістан облысында 0,0%-дан 5,8%-ға және Алматы қ. 0,0%-дан 3,9%-ға дейін төмендеді.
Республика ммектептерінде ЭМӨ-ге 10000 өлшеу жүргізілді, оның 188-і немесе 1,9% (2020 жылғы 4-тоқсан-1,0%) санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келмейді.
Оқушының дене қалпын дұрыс сақтауы жиһаздың негізгі элементтерінің (үстелдің, отырғыштың қақпағы және орындықтың арқалығы) дұрыс арақатынасына байланысты, олардың нормативтік талаптарын сақтамау баланың денсаулығына теріс әсер етеді. 2020-2021 жылдардың 4-тоқсанында нормативтік талаптарға сай келмейтін мектеп жиһазын өлшеу көрсеткіштері 0,2%-ға нашарлағанын атап өткен жөн. 2021 ж. 4-тоқсанында жиһаздың бой-жас ерекшеліктерінің сәйкестігіне 2068 өлшеу жүргізілді, олардың 5-еуі немесе 0,2% - ы санитариялық талаптарға жауап бермейді. (2020 жылғы 4 -тоқсан – 0,0%).
Қорытынды. 2021 жылдың 4-тоқсанында (өсу ретімен) республика бойынша санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін мектеп-интернаттар жоқ.
2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2021 жылдың өткен кезеңінде мектеп-интернаттардағы дайын тағамдардың микробиологиялық көрсеткіштері, сондай-ақ жарықтандыру, мектеп жиһазы және ЭМӨ өлшеулерінің көрсеткіштері нашарлады.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілерін санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеу (өсу ретімен).
2021 жылғы 4-тоқсанда республика бойынша балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың (бұдан әрі – БМДТО) 7712 объектісі (2020 жылғы 4 - тоқсан – 7388) болды, оның ішінде қалалық үлгідегі 4206 (55%) (2020 жылғы 4 – тоқсан - 191027%) және ауылдық үлгідегі 3506 (45%) (2020 жылғы 4-тоқсан – 5236-73%).
БМДТО асхана объектілерінен дайын тағамдардың 423 сынамасы алынып, құнарлылыққа зерттелді, оның ішінде 24-і немесе 5,7% НҚ талаптарына сәйкес келмеді (2020 ж. 4-тоқсан – 13,4%). Өткен жылдың 4-тоқсанымен салыстырғанда 2021 жылдың өткен кезеңінде республика бойынша құнарлылық көрсеткішіне сәйкес келмейтін дайын тағамдар 7,7%-ға төмендеді. Бұл кезде дайын тағамдардың құнарлылық бойынша сәйкессіздік деңгейі Ақтөбе облысында 0,0%-дан 5,9%-ға және Шығыс Қазақстан облысында 4,1%-дан 10,0%-ға дейін өсті.
БМДТО объектілерінің тағам блоктарында БГҚП бойынша 2879 шайынды зерттелді, оның ішінде 85-і немесе 3,0% санитариялық нормаларға сәйкес келмеді (2020 ж. 4 тоқсан – 4,7%). Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2021 жылдың өткен кезеңінде республикада нормаларға сәйкес келмейтін сынамалардың көрсеткіші 1,7%-ға төмендеді.
Ауыз суды зертханалық зерттеулердің нәтижелері бүкіл республика бойынша 2021 жылдың өткен кезеңінде Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмеудің үлес салмағы 4-тоқсанда 0,8%-бен салыстырғанда 0,0%-ды құраған БМДТО объектілерінде ауыз судың сапасы жақсарғанын көрсетті.
2021 жылдың өткен кезінде 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда республика бойынша БДТО объектілерінде микроклиматтық жадайлар жақсарды. Сонымен, ҰСО филиалдарының зертханалары микроклиматтың 2085 өлшеуін жүргізілді, оның ішінде рұқсат етілген деңгейлерге сәйкес келмеген сынамалар жоқ немесе 0,0% (2020 ж. 4-тоқсаны - 0,5%).
2021 жылдың 4-тоқсанында БМДТО объектілерінде 1958 жарықтандырылу өлшеулері жүргізілді, оның 70-і немесе 3,6% НҚ-ға сәйкес келмеді (2020 жылғы 4-тоқсан -3,5%). Өңірлер бойынша жарықтандырылу көрсеткіштері Ақтөбе облысында 0,0%-дан 1,2%-ға, Жамбыл облысында 0,0%-дан 4,7%-ға, Қостанай облысында 0,0%-дан 2,9%-ға, Маңғыстау облысында 0-ден 0,4%-ға дейін нашарлады.
БМДТО объектілерінде ЭМӨ бойынша 109 өлшеу жүргізілді, санитариялық ережелер талаптарына сәйкес келмейтін өлшеулер жоқ (2020 ж. 4-тоқсан – 0,0%).
Оқушының дене қалпын дұрыс сақтауы жиһаздың негізгі элементтерінің (үстелдің, отырғыштың қақпағы және орындықтың арқалығы) дұрыс арақатынасына байланысты, олардың нормативтік талаптарын сақтамау баланың денсаулығына теріс әсер етеді.
Балалардың бой-жас ерекшеліктеріне БМДТО объектілері жиһазының сәйкес келуін өлшеу кезінде санитариялық талаптардың бұзылуы анықталмады – 0 немесе 0, 0 % (2020 жылғы 4 -тоқсан – 0,0%).
2021 жылдың 4-тоқсанында тамақ өнімдерін санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеу (өсу ретімен).
2021 жылдың 4-тоқсанында микробиологиялық көрсеткіштерге тамақ өнімдерінің 21190 сынамасы зерттелді, оның ішінде 319-ы немесе 1,8% санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келмеді. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда микробиологиялық көрсеткіштері бойынша зертханалық зерттеулер үшін алынған сәйкес келмейтін тағам сынамаларының үлесі 1,0 есеге азайды.
Микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейтін сынамалардың үлес салмағы республикалық орташа көрсеткіштен жоғары екендігі Қызылорда (4,3%), Атырау (1,7%), Ақтөбе (3,7%), Ақмола (3,4%) және Алматы қ. (3,5%), Шымкент қ. (3,4%) қалаларында байқалды. Оның ішінде патогенді флораға зертханалық түрде 11343 сынама зерттелді, оның ішінде НҚ талаптарына сәйкес келмейтіні 12, бұл 0,1%-ды құрады (2020ж. 4-тоқс. – 0,02%). Өткен жылмен салыстырғанда патогенді микрофлораға зертханалық зерттеулердің саны 0,98%-ға немесе
Санитариялық-химиялық көрсеткіштерге жалпы республика бойынша тамақ өнімдерінің 29112 сынамасы алынды, оның ішінде НҚ талаптарына сәйкес келмейтіні - 1162 немесе 3,9% (2020ж. 4-тоқс. – 5,5%). Өткен жылмен салыстырғанда санитариялық-химиялық көрсеткіштері бойынша гигиеналық нормаларға сәйкестігіне зертханалық зерттеулерге алынған тамақ өнімдерің сынамаларының саны 1,6 есеге азайды.Осыған қарамастан, өңірлер бойынша республикалық орташа көрсеткіш Қызылорда (10,4%), Шығыс Қазақстан (10,2%), Маңғыстау (10,2%), Алматы, Павлодар (5,6%) облыстарында және Шымкент қ. (6,5%) асып түсті.
Зерттелген тағам объектілерінің технологиялық жабдықтарынан және мүккәмалынан 37139 шайынды алынды, оның 852-сі немесе 2,3% санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келмеді (2020 ж. 4-тоқсан – 545 немесе 3,1%). 2020 жылмен салыстырғанда тағам объектілерінен алынып, зерттелген шайындылар саны 0,8%-ға азайды. Өткен жылмен салыстырғанда оң нәтижелі шайындылар үлесінің төмендеуі тамақ өнеркәсібінде, қоғамдық тамақтандыру және сауда объектілерінде, оның ішінде қанағаттанарлық санитариялық-гигиеналық жағдайды немесе санитариялық-гигиеналық жағдайдың жақсаруын, жалпы микробтық себілуді қоса алғанда, тиісті шаралар қабылданып жатқанын көрсетеді.Талаптарға сәйкес келмейтін шайындылардың үлесі Ақмола (5,4%), Ақтөбе (8,3%), Маңғыстау (3,9%), Қызылорда (3,6%), Шығыс Қазақстан (2,9%) облыстарында және Шымкент қаласында орташа республикалық деңгейден (6,5%) жоғары.
Объектілер бойынша микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкессіздіктің орташа республикалық көрсеткіші (1,5%) ет өңдеу– 7,8%, құс етін өңдеу – 6,5%, май –тоң май өнімдері – 5,9%, балық өңдеу – 2,6, 50-ден астам орындық қоғамдық тамақтандыру объектілері – 2,8%, сондай-ақ кремді-кондитерлік өнімдері – 2,4% кәсіпорындарында және басқа да қоғамдық тамақтану объектілері – 2,7% жоғары.
Қауіпсіздіктің санитариялық-химиялық көрсеткіштері бойынша өнімнің НҚ-ға сәйкес келмеуінің республикалық орташа көрсеткіші (3,9%) отыратын орындарының саны 50-ден астам қоғамдық тамақтану объектілерінде 819 немесе 5,6% және азық-түлік базарларында талаптарға сәйкес келмейтін сынамалар 82 немесе 18,7% жоғары.
Қорытынды. 2021 жылғы 4-тоқсандағы тағам өнімдерінің санитариялық-эпидемиологиялық мониторингінің нәтижелері (өсу ретімен) барлық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтін тағам өнімдерінің үлес салмағы 3,8 бірлікке (2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда), оның ішінде микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 1,4 есеге, санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша 2,6 есеге және шайындылардың 0,8%-ға төмендегенін көрсетеді.
Халықты сумен жабдықтау жағдайын санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеу (өсу ретімен).
Қазақстан Республикасында орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген елді мекендердің саны – 4043 (2020 жылғы 4-тоқсан. -4000) (18073465 адам) құрайды. Басқа су көздерінен су ішу үшін пайдаланады, оның ішінде: орталықтандырылмаған су көздерінен 4,5% (825938 адам), ашық су қоймаларынан 0,1% (18012 адам), кепілдендірілмеген сападағы тасымалданатын су 0,6 % (111861 адам). ҚР барлық халқының саны 19029276 адамды құрайды (2020ж. 4- тоқс.-18748430).
2021 жылғы 4 -тоқсанда су құбырымен қамтамасыз ету 95,0% құрады (2020 жылдың 4 -тоқсаны - 94,2%).
Республика халқын орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерінен неғұрлым жоғары қамтамасыз ету көрсеткіштері Атырау-99,6%, Алматы – 97,9%, Қызылорда – 97,9%, Қарағанды - 97,3%, Ақтөбе – 96,5% облыстарында және Алматы – 99,9%, Нұр-Сұлтан – 99,9%, Шымкент – 97,6% қалаларында.
Дегенмен, республикалық көрсеткіштен әлдеқайда төмен су құбыры суымен қамтамасыз ету Қостанай (84,4%), Солтүстік Қазақстан (88,1%), Жамбыл (89,2%), Ақмола (91,4%) және Маңғыстау (92,1 %) облыстарында байқалады.
Орташа қауіп дәрежесі бар, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге жататын орталық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын су құбырлары – 3619 (2020ж. 4- тоқс. - 3229) құрайды, оның ішінде 34 (2020ж. 4-тоқс. - 44/1,4%) немесе 1,0% су құбыры жұмыс істемейді. Оның ішінде аумағы бойынша Жамбыл – 13, Алматы - 4, Қостанай, Түркістан – 3-тен, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және көліктегі – 2-ден, Атырау, Ақмола, Шығыс Қазақстан обл. -1-ден.Су құбырларын тексерумен қамтылғандар саны – 1133 немесе 31,3% (2020ж. 4- тоқс. - 13,6%).
2021 жылдың өткен кезеңінде жұмыс істейтіндердің ішінен 147 су құбыры санитариялық талаптарға сәйкес келмейді (2020 ж. 4 – тоқсан - 52). Санитариялық талаптарға жауап бермейтін объектілердің үлес салмағы – 4,1% (2020ж. 4- тоқс.- 1,6%) құрады.
2021 жылғы 4-тоқсанда республика аумағында су беру факторы бар ішек инфекцияларымен және вирустық гепатитпен топтық аурулар туралы мәліметтер (өсу ретімен) тіркелген жоқ. Дезинфекциямен қамтылған орталықтандырылған су құбырларының саны - 2193, оның ішінде аумақтық органдардың бастамасы бойынша - 1111.
2021 жылғы 4-тоқсанда жұмыс аймағы ауасының жағдайын санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеу (тоқсан сайын, өсу ретімен).
Республикада барлығы аумақтық СЭБД бақылауында 14317 өнеркәсіптік кәсіпорын бар, оның 682 - сі немесе 4,8% - ы тексерілді (2020ж. 4-тоқс. - 486 немесе 3,9%).Жұмыс аймағының ауасының жай-күйін зерттеудің зертханалық-аспаптық әдістерін қолдана отырып, 606 өндірістік объекті немесе 88,9% (2020 жылғы 4-тоқсанда - 408 немесе 83,4%) тексерілді. Жұмыс аймағының ауасына зерттеулер жүргізу кезінде 108 объектіде ластаушы заттардың ШРЕК артуы анықталды, үлес салмағы 17,8% - ды құрады. 2021 жылдың есепті кезеңінде 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жұмыс аймағының ауа сапасы көрсеткіштерінің 2,6% - ға (2020ж. 4-тоқс. 62/15, 2%) нашарлағанын атап өткен жөн.
Ұлттық сараптама орталығының аумақтық филиалдары булар мен газдарға жұмыс аймағы ауасының 15094 сынамасын (2020 жылғы 4 - тоқсан - 7194), оның ішінде 1 және 2 қауіптілік сыныбындағы заттарға - 2942 сынаманы (2020 жылғы 4-тоқсан-1305) зертханалық зерттеді. Оның ішінде 128 сынама немесе 0,8% (2020 жылғы 4 - тоқсан - 168 немесе 2,3%), соның ішінде қауіптілігі 1-2-сыныптағы заттарға 51 сынама немесе 1,7% ШРЕК жоғары (2020 жылғы 4-тоқсан-0%).
2021 жылғы 4-тоқсанда жұмыс орындарындағы физикалық факторларды санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеу (өсу ретімен).
2021 жылдың 4 -тоқсанында микроклимат параметрлері бойынша 17637 жұмыс орны тексерілді (2020ж. 4-тоқс. - 7480), оның ішінде 727 немесе 4,1% (2020ж. 4-тоқс. - 245/3,3%) гигиеналық нормативтерге жауап бермеді. Айта кету керек, 2021 жылдың есепті кезеңінде 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, микроклиматтық жағдайлар бойынша жұмыс орындарының жағдайы нашарлады. Микроклимат параметрлері бойынша гигиеналық нормативтерге жауап бермейтін жұмыс орындарының ең үлкен үлес салмағы Ақмола (5,8%), Ақмола (25%), З-Қазақстан (6,5%) және Қызылорда (12,4%) облыстарында байқалады.
Осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда жарықтандыру көрсеткіштері бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін жұмыс орындарының үлес салмағы 5,5% - дан 6,3% - ға дейін ұлғайды. Дегенмен, республикалық көрсеткіштен гигиеналық нормативтерге сәйкессіздігі жоғары екендігі Ақмола (8,9%), Алматы (18,3%), Қазақстан (10,8%), Жамбыл (15,9%), Қарағанды (7,7%), Қостанай (9,4%), Қызылорда (24,7%) және Павлодар (10,4%) облыстарындағы жұмыс орындарында байқалады.
Шу генерациялайтын жабдығы бар 7960 жұмыс орны тексерілді, оның 595 - нде немесе 6,6% шудың шекті рұқсат етілген деңгейінен асып кетуі анықталды (2020 жылғы 4-тоқсан-2260/207 немесе 9,2%). Шу деңгейі бойынша республикалық көрсеткіштен асатын жұмыс орындарының үлес салмағы Ақмола (21%), Ақтөбе (19,7%), Алматы (14,7%), Қазақстан (13%), Қызылорда (8,3%) облыстарында және Шымкент қаласында (13,1%) байқалады.
Діріл генерациялайтын жабдықтары бар жұмыс орындарында 4998 өлшеу жүргізілді. 36 немесе 0,7% жұмыс орындарында дірілдің шекті рұқсат етілген деңгейінің артуы анықталды (2020 жылғы 4 - тоқсанда-886/13/1,5%). Республикалық көрсеткіштен асатын жұмыс орындарының ең үлкен үлес салмағы Ақмола (6,7%), Қызылорда (5,5%) облыстарында және Шымкент қаласында 6,6% анықталды.
Электромагниттік сәулеленудің әсеріне ұшыраған тексерілген жұмыс орындарының саны 7026 құрады, оның ішінде 207 немесе 2,9% ЭМӨ-нің шекті рұқсат етілген деңгейден артуы анықталды. Республикалық көрсеткіштен асатын жұмыс орындарының үлес салмағы Алматы (6,3%), Жамбыл (22,4%), Қостанай (9,4%), Қызылорда (3,3%), Маңғыстау (6,5%) облыстарында және Шымкент қаласында 25,1% анықталды.
2021 жылғы 4-тоқсанда «Кәсіптік сырқаттанушылықты және улануды санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеу» (өсу ретімен).
Есепті кезеңде кәсіптік аурулар мен уланудың 623 жағдайы тіркелді (2020 жылғы 4 – тоқсанда - 398 жағд. оның ішінде: кәсіптік ауру – 611 және кәсіптік улану - 12. 2020 жылмен салыстырғанда кәсіптік ауру мен улану саны 225-ке артты. .
Аумақ бөлінісінде кәсіптік аурулар мен улану жағдайы республиканың 6 өңірінде тіркелді: Ш-Қазақстан 210 жағд., Қарағанды 402 жағд., С-Қазақстан обл. 3 жағд., Нұр-Сұлтан қаласы 6 жағд., Алматы және Жамбыл облыстарында 1 жағд. тіркелді.
Республика бойынша 12 жағд. кәсіптік улану (2020ж. 4 -тоқсанда - 5 жағд.), өткен жылмен салыстырғанда 7 жағд.артты. Іс-қимыл бойынша кәсіптік улану (2020ж. 4- тоқсанда - 5 жағд.) Қарағанды және Жамбыл облыстарында 3 жағдайдан және Нұр-Сұлтан қ. 6 жағд. жіті ауру ретінде тіркелді.
Іс-қимыл бойынша кәсіптік улану Қарағанды облысында 3 жағд. (2020ж. 4 -тоқсан - 0 жағд.), С-Қазақстанда 3 жағд. (2020ж. 4 –тоқсанда - 1 жағд.) жіті ауру ретінде тіркелді.
2021 жылдың есепті кезеңінде 611 кәсіптік ауру жағдайы тіркелді (2020 ж. 4 - тоқсанда - 393 жағд.).
Облыстар бойынша кәсіптік аурулар Шығыс Қазақстан облысында (210 жағд.), Қарағанды (399 жағд.), Жамбыл және Алматы обл. 1 жағдайдан созылмалы ауру ретінде тіркелген.
Айта кету керек, 2021 жылдың 4 тоқсанындағы осындай кезеңмен салыстырғанда Шығыс-Қазақстан облысында кәсіптік сырқаттанушылық 149 жағдайдан 210 жағдайға дейін артты. Қарағанды облысында 240 жағдайдан 402 жағдайға дейін артты.
Сонымен қатар, Жамбыл облысында кәсіптік сырқаттанушылық 6 жағдайдан 1 жағдайға дейін төмендеді .
Аурудың өту ауырлығы бойынша еңбек ету қабілетін жоғалтпай кәсіптік аурулар саны 2 жағдайдан 9 жағдайға дейін, оның ішінде Алматы 1 жағд., Солтүстік Қазақстан обл. 3 жағд. және Нұр-Сұлтан қ. 6 жағд. артты.
Осындай жағдай еңбек ету қабілетін жоғалтумен кәсіптік ауру жағдайында 614 жағдаймен қалыптасты. (2020ж. 4 -тоқсанда - 396) тиісінше. Шығыс Қазақстан облысында 210 жағд., Қарағанды обл. 402 жағд.
Қорытынды. Кәсіптік аурулар туралы деректерді талдай отырып, 2020 жылғы 4 -тоқсанмен салыстырғанда 2021 жылы кәсіптік аурулар мен улану саны ұлғайды деген қорытынды жасауға болады.