Меню

Страницы

Статья

Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектлері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын жаңа санитариялық талаптар бекітілді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен жаңа «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілді, бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Осы күннен бастап «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 237 бұйрығының күші жойылды.

Жаңа санитариялық қағидалар:

1)      СҚА және санитариялық ажырауларды белгілеуге қойылатын;

2)      СҚА және санитариялық ажырауларды жобалауға қойылатын;

3)      СҚА және санитариялық ажырауларды көгалдандыруға және аумақтың режиміне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.

Сонымен қатар, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын объектілердің (көздердің) айналасында СҚА белгіленеді, оның өлшемі ластанудың атмосфералық ауаға әсерін (химиялық, биологиялық, физикалық) гигиеналық нормативтерде азайтуды қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, бизнес қоғамдастықты қолдау мақсатында жаңа санитариялық қағидаларда өнім өндіру көлеміне қарай қуаты аз объектілерге санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша сараланған тәсіл көзделген және қайталанатын және өзге де талаптар алып тасталды.

Дата публикации
26 января 2022
Дата обновления
26 января 2022
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы