Меню

Страницы

Статья

Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқытуға қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсартуға бағытталған құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.

Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқытуды ұйымдастыру және өткізу мәселелері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінде (1, 9, 96 және 97-баптар) белгіленген.

Кодексте белгіленген құзыретке сәйкес Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № ҚРДСМ-195/2020 бұйрығымен Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидалары  (бұдан әрі – № 195 Қағидалар) бекітілді.

Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды кәсіптеріне сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді (объектілерді күтіп-ұстау, пайдалану және орналастыру, жеке және қоғамдық гигиена бойынша) білуіне ​​ гигиеналық оқыту инфекциялық, паразиттік және кәсіптік аурулардың (улану) алдын алуға бағытталған міндет болып табылады.

Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бәсекелес ортаға бергенін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) азаматтардан, жұмыс берушілерден және гигиеналық оқытуды жүзеге асыратын тұлғалардан көптеген сұрақтар келіп түсуде.

Осыған байланысты жиі қойылатын сұрақтарды бөліп көрсету қажет.

Бірінші сұрақ – халықтың декреттелген тобындағы адамдарға кімдер жатады? Халықтың декреттелген тобына айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыруға ең үлкен қауіп төндіретін халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар жатады.

Екінші сұрақ: гигиеналық оқытудан қаншалықты жиі өту керек? Оқыту жұмысқа қабылданған кезде, ал одан әрі – өндірістен қол үзе отырып, жылына бір рет, №195 Қағидаларға  1-қосымшаға сәйкес гигиеналық оқу бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

Үшінші сұрақ – декреттелген топтағы адамдарға гигиеналық оқытуды кім жүргізе алады?

 Көрсетілетін қызметтерді «гигиена және эпидемиология» мамандықтары бойынша медициналық білімі бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Халықтың  декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту Комитеттің аумақтық бөлімшесін «Е-лицензиялау» порталы арқылы гигиеналық оқыту бойынша қызметтің басталғаны туралы хабардар еткеннен кейін жүзеге асырылады («Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж. рұқсаттар мен хабарламалар»).

Оқыту кімнің есебінен жүргізіледі? Гигиеналық оқыту үшін оқу ақысын халықтың декреттелген тобындағы адамдар өз қаражаты есебінен немесе тараптардың келісімі бойынша жұмыс беруші «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 96-бабына сәйкес  жүзеге асырады.

Гигиеналық оқытуды ұйымдастыру тәртібі қандай? Гигиеналық оқытудан өткеннен кейін гигиеналық оқытуды жүргізетін жеке және заңды тұлғалар бекіткен тест сұрақтары түрінде емтихан өткізіледі.

Нәтижесі оң болған жағдайда бекітілген нысанға сәйкес гигиеналық оқыту нәтижелерін енгізу үшін мөртабан түрінде медициналық кітапшаға белгі қойылады.

Осыған байланысты халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқытуды немесе оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерді алу кезінде жоғарыда көрсетілген бекітілген қағидаларды басшылыққа алу қажет.

Анықтама үшін.

Халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерді   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бәсекелес ортаға бергендіктен, халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қатысы жоқ.

Дата публикации
17 февраля 2021
Дата обновления
17 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы